Мемлекеттік думаның экс-депутаты Барышев соғысты сынады (видео)
МӘСКЕУ. 19 наурыз. Бұдан бірнеше күн алдын Ресей мемлекеттік думасының экс-депутаты Андрей Барышев ресейліктердің Украинадағы соғысын қатты сынға алды. Бұл туралы Znak.com хабарлады.
Депутат осыған сәйкес түсірілген ролигін әлеуметтік желіге салды. Бірақ артынан алып тастады. Содан кейін өзі де жоғалып кетті.
Қайраткердің көмекшісі Оксана Худякова қазіргі күндері Барышевтің Мәскеуде жүргенін, таяу күндерде Орал таулары бойына қайта оралатынын мағлұм етті. Алайда, басқа бір мәнбе Барышевтің астанаға шетелге кету үшін келгенін айтады.
Инсайдерлердің сөздеріне қарағанда, экс-депутат шетелден саяси баспана алу үшін Ресейдің Украинаға шабуылын айыптаған роликті арнайы түсірген.
Дегенмен, Худякова бұған қарсы жауап қайтарды. Ол инсайдерлердің ештеңе білмейтінін, Барышевтің видеоларында тек өзінің ойларын ғана айтатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Андрей Барышев – кәсіпкер, ол Мемлекеттік думаға Челябинскіден болып сайланған, мерзімі аяқталған соң туған қаласына оралып, бизнесімен қайта айналыса бастаған.
Барышев роликтен бөлек, Челябинскіде соғысқа қарсы шерулерге шығып тұрған.
Рас, соңғы кездері оның бизнесіне кедергі келтірушілер көбейіп кеткен.