АҚШ-тың ПВО-лары жақын күндерде Украинаға жеткізіледі
ВАШИНГТОН. 20 наурыз. Жақын күндерде Украинаға АҚШ-тың әуе шабуылы қорғаныс жүйелері мен басқа да қарулары келіп жетеді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Украина телеарналарынан осыны жеткізді.
«Олар (АҚШ – ред) жұрт алдында жария етті. Бұлардың арасында «Стингерлер» де, «Джавелиндер» де, танкіге қарсы атылатын кешендер де болады, олар біздің әскерилерімізге, қауіпсіздік және қорғаныс секторы өкілдеріне үлкен қолдау көрсетеді», – деді ол.
Мұның алдында АҚШ президенті Джо Байден Құрама Штаттардың Украинаға құрамында әртүрлі алыс қашықтықтағы әуе қорғанысы құралдары жүйесінің, дрондардың 800 бірлігін, 9 танкіге қарсы кешен бірлігін, 7 мыңнан астам атыс құралдарын және 20 млн патронды құрайтын қару-жарақ кешенін беретінін мәлімдеген еді. Бұған қоса, АҚШ Түркиядан Украинаға ресейлік С-400 әуе қорғанысы жүйесін беруді өтініп отыр.