Соловьевтің сойқанына Арменияға тарапы жауап беріп жатыр

ЕРЕВАН. 12 қаңтар. Кремльдің жалдамалы насихатшысы Владимир Соловьевтің Арменияға арнайы соғыс операциясын жүргізуді ұсынған сөзіне хай елі тарапы жедел жауап қайтара бастады. Бұл туралы News.am ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Кремль насихаты енді назарын бірден Венесуэладағы оқиғалардан бұрып әкетіп, «жақын шетелге» аударды, соның ішінде Арменияға әскер кіргізу қажеттілігін тікелей мәлімдеді.
Ресей мен Армения арасындағы қарым-қатынас ресейлік тележүргізуші және насихатшы Владимир Соловьевтің қатқыл мәлімдемелерінен кейін одан әрі нашарлай түсті. Армения Сыртқы істер министрлігі РФ елшісі Сергей Копыркинді шақырып алып, оған Ресейдің мемлекеттік телеарнасында көрсетілген сөздеріне наразылық нотасын тапсырды.
Жақында Соловьев Мәскеудің Арменияның ішкі істеріне күштеп араласу мүмкіндігін ашық талқылауға салған болатын. Оның айтуынша, Ресей өзінің «ықпал ету аймағын» сақтауы қажет деп санаса, «халықаралық құқықты жиып қойып», Украинадағыдай арнайы соғыс операциясын бастап кетуі тиіс. Ол осы сөзінің ыңғайында Ресей үшін Армениядан айырылу алапат апат болатынын баяндай келіп, «өзіміздің Азияны, қазіргіше айтқанда, Орталық Азияны да сондай әрекет күтіп тұрғанын ескертіп өтті.
Соловьевтің айтуынша, көршілес ел ретінде Армения Ресей үшін, айталық, географиялық тұрғыдан тым алыс орналасқан Сирия немесе Венесуэладан әлдеқайда маңызды.
Ереван мұндай мәлімдемелерді қабылданбайды деп атады. Армения Сыртқы істер министрлігі Ресейдің мемлекеттік теледидарында айтылған мәлімдемелер екі ел арасындағы одақтастық және достық қарым-қатынастарға сәйкес келмейтінін атап өтті. Дипломаттар мұндай риторика сенімді әлсіретіп,шиеленісті күшейтетінін баяндады.
Жағдайға Армения парламентінде де қатқыл және одан да радикалды түрде пікір айтылды. Мысалы, вице-спикер Рубен Рубенян Соловьевті ашық түрде қорлап, оның сөздері елдің болашағына қатысы жоқ деп мәлімдеді. Ол Мәскеудің агрессивті риторикасына қарамастан, Армения бейбітшілік пен даму жолын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Ресми түрде Ресей мен Армения ҰҚШҰ және басқа да интеграциялық құрылымдарда одақтастар болып қала береді. Дегенмен, Қарабақтағы соғыстан және Мәскеудің нақты қолдауының болмауынан кейін Ереван АҚШ және Еуропамен байланыстарын күшейтіп келеді.
Айта кету керек, бұл Мәскеудің Ереванды күшпен қорқытуының алғашқы фактісі емес. Батыс баспасөзі жақында Кремль ақпараттық науқан бастап, Арменияны әскери экспансиясының келесі нысанасы ретінде көрсетуге тырысып жатқанын хабарлады.






