Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Қант бағасын қымбаттатқан алыпсатарлар болып шықты

АСТАНА. 16 наурыз. Елімізде қант бағасының кенеттен қымбаттап кетуіне алыпсатарлар кінәлі болып шықты. Бұл туралы skif,kz хабарлады.

«Сауда министрлігі Қазақстанда қант қоры жеткілікті екенін және алдағы уақытта бұл қорды толықтыруға ешқандай кедергі жоқ екенін мәлімдеді. Қазақстан бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті бағаға жүргізілген мониторинг нәтижесінде қант бағасы алып-сатарлардың әрекетінен қымбаттағанын анықтады», – делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, осыған байланысты нарық субъектілерінің үстемдік үлесін анықтау мақсатында ірі жабдықтаушыларға сауал жолданған. Монополияға қарсы бағытталған іс-қимыл қорытындысы бойынша шара қабылданады.

Монополияға қарсы департамент азаматтарды дүрбелеңге салынбауға шақырып, бәсекелестікке қарсы келісімдер, келісілген әрекеттер нәтижесінде алып-сатарлық жолмен бағаны өсіру, сондай-ақ үстемдік жағдайды теріс пайдалану монополиялық кірісті (таза пайданы) тәркілеп, кірістің 3-5 пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келетінін ескертті.

Еске сала кетейік, өткен аптада Ресейдің қант экспортына тыйым салуы және Қазақстандағы қант қоры үш айға жететіні туралы хабарлама тарауы салдарынан Қазақстан тұрғындары дүкендегі құмшекерді жаппай сатып алуға кіріседі. Дүрбелең осылай басталған. Алыпсатарлар осы жағдайды өздері үшін тиімді пайдаланып, аяқ астынан мол пайдаға кенелуге ұмтылған.

Сауда министрлігі Қазақстанда қант қоры жеткілікті екенін және алдағы уақытта бұл қорды толықтыруға ешқандай кедергі жоқ екенін мәлімдеді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button