Сот тікелей эфирге плакат алып шыққан қызға айып салды
МӘСКЕУ. 15 наурыз. Мәскеудің Останкино соты кеше түнде «Бірінші арнаның» тікелей эфирі кезінде плакат алып шыққан Марина Овсянниковаға 30 мың рубль айыппұл салды. Бұл туралы «Meduza» хабарлады.
«Мәскеудің Останкино аудандық соты Ресейдің «Бірінші арнасы» тікелей эфиріне соғыс пен оны насихаттауға қарсы плакат алып шыққан тележурналист Марина Овсянниковаға 30 мың рубль көлемінде айып салды», – делінген хабарламада.
Сот оны көпшілік алына шығуға келісілмеген акция ұйымдастырды деп айыптады. Айыптау журналиске тікелей эфирге плакат алып шыққаны үшін емес, содан кейін жасаған видеоүндеуі үшін тағылды. Онда Овсянникова Ресейдің агрессиясымен Украинада болып жатқан соғыстың бір адамның амбициясына бола жасалып отырғанын атап өтіп, бұған Путин ғана кінәлі деген сын айтты.