Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Ресейліктер естен танып жатыр: арақтың бағасы күрт өсіп кетті

МӘСКЕУ. 7 наурыз. Ресейде жыл басынан бері алкогольді ішімдіктің бағасы бұрын-соңды болмаған мөлшерде күрт қымбаттап кетіп отыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресурстың мәліметіне қарағанда, Ресейде 2023 жылдың алғашқы екі айында арақтың бағасы күрт көтерілген. 1 қаңтардан 2 наурызға дейін алкогольді ішімдіктің бір литрінің бағасы орта есеппен 6,11 пайызға өсіп шыға келген. Бұл бұрынғы 837,33 рубльдік мөлшердің қазір 952,17 рубльге жеткенін көрсетеді. Мұның өзі Ресейдің Украинаға кең ауқымды соғысты бастап кеткенінен бергі уақыттағы рекордтық көрсеткіш болып табылады.

«Верстка» таблоидының Росстат мәліметтеріне сәйкес салыстырып қарауы бойынша, 2022 жылдың алғашқы екі айында арақтың бағасы 2,09 пайызға (646,67-ден 660,19 рубльге), 2023 жылы – 1,26 пайызға (680,34-тен 688,92 рубльге), 2024 жылы – 2,18 пайызға (701,83-тен 717,11 рубльге), ал 2025 жылы 5,58 пайызға (778,56-дан 821,97 рубльге) көтерілген екен. Сөйтіп, биылғы деңгей жаңа рекордтық мөлшерге жетті.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button