НАТО Путинді жойып жіберудің жолдарын қарастырады
ЛОНДОН. 14 наурыз. НАТО қазіргі күндері Ресей президенті Владимир Путинді саптан шығарып жіберудің, тіпті ыңғайы келсе, оның көзін жоюдың барлық мүмкіндіктерін қарастыратын болады. Бұл туралы «The Mirror» хабарлады.
Британия әскерлерінің Ауғанстандағы контингентіне қолбасшы болған полковник Ричард Кэмп НАТО Владимир Путинді өлтіріп жібергеннен бастап, оны саптан шығарып тастаудың барлық амалдарын қарастыруға тиіс екенін мәлімдеді.
Газеттің баяндауынша, Кэмп Ресей президентіне таңылатын айып өте көп, соның ішінде кемінде соғыс қылмысы да мойына артылады.
«Егер біз Путинді тақтан тайғызып жібере алсақ, немесе ол Ресейде қамауға алынып сотталса, немесе Халықаралық сотта жауапқа тартылса, дұрыс болар еді. Бірақ бұл варианттардың жүзеге аса қоюлары қиын», – деді ол.
Отставкадағы офицер кісі өлтіру көп жұрт үшін қолайсыз тірлік саналса да, ол соғысты тоқтату не болашақта орын алатын жанжалды ауыздықтау үшін жекелеген жағдайларда қолдануға тұратын амал деп есептейді.
Полковник Британия үкіметінің Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Адольф Гитлерді өлтіруді жоспарлағанын, бірақ оның жүзеге аспай қалғанын, сондықтан жер бетінде 70 млн адамның босқа опат болғанын еске түсірді.