Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Путиннің «африкалық солдаттары» Украинада соғысуға дайын

МИНСК. 14 наурыз. Ресей президенті Владимир Путиннің тапсырмасымен Африкадан алдырылатын жалдамалы солдаттар Украина жерінде агрессорлар жағында соғысуға даяр. Бұл туралы белорустың оппозициялық «Белсат» сайты хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде камуфляж киген, өздерін Орталық Африка республикасының армиясы деп көрсеткен, енді Кремльге, оның авантюралық соғысына қолдау көрсету үшін Еуропаға аттанғалы жатқандарын мәлімдеген жауынгерлер жайлы бірнеше видео тарады», – делінген хабарламада.

Олар орысшаны французшамен араластырып сөйлеп тұр. Республика императоры Бокассаның баспанасының астында. Ресей армиясына көмек беру үшін бара жатқандарын бірнеше солдат бірінен кейін бірі айтады. Бәрінің орыс идеологиясына көмілгендері айқын байқалады.

«Орыс солдаттары әскери операция жасап, бүкіл әлем алдында украин ұлтшылдарын тәртіпке салып, бейбітшілік орнатып жатыр. Біз, африкалық солдаттар, орыс бауырларымызбен бірге болуға даярмыз,  жақында барамыз», – дейді бірі.

Қалғандары да осы ойды әр қырынан қайталайды. «Бүлікшілерге» жаза беретіндерін жеткізеді.

Оңтүстік Африка республикасы солдаттарының Ресейге көмекке келгелі жатқандары жайлы мағлұмат тек әлеуметтік желілерде ғана айтылып жатқан жоқ. Мұндай үндер Кремльдің өзінен де шығуда. Оларды ресейлік ақпарат құралдары да жазуда. Соның ішінде қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен президент Владимир Путиннің арасындағы осыған қатысты диалогтар мен мәлімдемелер де кеңістікке тарап кетті. Олар осындай 16 мың ерікті келетін айтты. Рас, бұл екеудің әңгімесінде Экваторлы Гвинея еріктілері сөз болды, Таяу Шығыс елдерінің содырлары қамтылды. Енді бұлардың қатарына Орталық Африка елі де қосылып отыр.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button