Ресей «бұлбұлы» Соловьев елінің «күйрейтіні» жайлы айтты
МӘСКЕУ. 9 наурыз. Ресей «бұлбұлы» Владимир Соловьев Украинамен соғыс РФ-ның түбіне жететіні туралы бірінші рет сөз қозғады. Бұл туралы грузиннің NewsTbilisi хабарлады.
Ол Батыстың Ресейді әлі ұзақ жылдар жек көретін болатынына сенімді.
Әңгіме «Соловьев Live» эфирінде, оның платформа ережелерін бұзғаны үшін YouTube-тегі нұсқасы жабылып қалудың алдында айтылды.
Хабарда Ресейдің майталман насихатшылары Владимир Соловьев пен Яков Кедми («әскери сарапшы») Украинадағы қазіргі ахуалды талқылап тұрды.
Кедми өзінің сөзінде Ресейдің Украинада жүргізіп жатқан «арнайы операциясының» тура екеніне күдік келтірді. Ол Қырымның ресейлік екенін Украинаға мойындату үшін соғыс ашып, жазықсыз бейбіт халықты қырудың қаншалықты қажеттілігі болғанын түсінбейтінін айтты. Осы үшін Ресей әлемде қаншама қарсылық пен наразылыққа тап болды. Сонымен бірге, ол осы соғыста қазірге дейін Ресейдің, ресми мәліметтерде айтылып жатқандай, тек 500 ғана адамы өлгеніне сенбейтінін білдірді. Украин жағының есебі бойынша, бұл мөлшер 12 мың әскериден асып кеткен.
Кедми РФ-ның соғыста мақсатына жету жолында қабілетсіздік көрсетіп жатқанына айрықша назар аударды. Ол ресейлік әскерилердің екі аптаға жуық уақыттан бері «бірде-бір қаланы ала алмағанын, бірде-бір қаланың билігін ауыстыра алмағанын» атап өтті.
Ол сондай-ақ тіпті Ресеймен шекарада тұрған (Харьков сияқты) және басып алынған (Херсон сияқты) қалалардың қайтпай қарсылық көрсетіп жатқанына тоқталды.
«Керісінше, болып жатқан нәрселердің ол қалалардағы жергілікті билікті нығайтып жатыр», – деді ол.
Владимир Соловьев өз кезегінде әңгімелесушісінің Ресей қолға алған «арнайы операцияның» сәтсіздік өтіп жатқаны жайлы құлаққағысына жауап қатып, бұл жеңілістің Ресейді күйретуге алып баратынын мәлімдеді.
«Тегінде, біз бәрібір тозақ отын жандырушылар болып есептелеміз. Енді не болғанда да, батыс бізді ұзақ уақыт жек көреді. Ал біз бұған дейін айтылған мақсатты орындау арқылы соғыста жеңіске де жете алмаймыз, оны сәтті аяқтай да алмаймыз. Өйткені, ол қалайда Ресейдің өзін күйреуге жеткізеді», – деді ол.
Соловьев Ресей Украинаға басқыншылық шабуыл жасағаннан кейін санкцияға енгендер қатарына кіргізіліп, Италиядағы жылжымайтын мүлкінен (үй) айрылып қалды.