Беларусьтің Мюнхендегі консулы соғысқа қарсылықтан қызметінен кетті
МИНСК. Беларусьтің Мюнхендегі консулы Наталья Хвостова Беларусьтің Украинадағы соғысқа қатысуына наразылық ретінде өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл туралы «БелСат» хабарлады.
Бұрынғы консул осыған байланысты қызметтік жазбаны Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макейдің атынан қызметтік жазба жіберген, Оны «Белорусы зарубежья» телеграм-арнасы жариялады.
«Беларусь Республикасының барлық мемлекеттік органдарының жұмысы бұдан былай «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 6-бабының принциптеріне сүйенбейтініне…, сондай-ақ Конституцияның 18-бабында белгіленгендей, Беларусь Республикасының өзінің сыртқы саясатында бұдан былай мемлекеттер аралық теңдікті сақтау, күш пен қатер күшін қолданбау, шекараның мызғымастығын бұзбау, дауларды бейбіт жолмен реттеу, ішкі істеріне қол сұқпай принциптерін басшылыққа алмайтынына байланысты… бұған қоса, мемлекеттің Беларусьтің тарихи-мәдени және рухани мұраларын сақтауды тоқтатуына және елдің егемедігіне қатер төндіріп қоюына байланысты мен наразылық ретінде өзімнен БР-ның Мюнхендегі бас консулы өкілеттігін аламын», – делінген Наталья Хвостованың мәлімдемесінде.