Украинадағы соғыс: Он бірінші күнннің кейбір деректері
КИЕВ. 6 наурыз. Польша мен АҚШ өзара ақылдасып, Украинаға истребительдерді кімнің тарапымен жеткізіп беретіндерін шешіп жатыр. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Олар басқа одақтастарымен де бұл мәселені талқылап алмақшы.
Ақ үй өкілі бұл ақпарды растады. Ол мұның алдында, кеше кешке Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ президенті Джо Байденге телефонмен шығып, Ресей агрессиясымен күресу үшін Шығыс Еуропа елдеріне истребительдер жіберуді барынша зор тілекпен сұрағанын да айтты.
Польша мен АҚШ келіссөз шеңберінде «егер Украинаға жеткізіп бере алатын болса, мұндай мүмкіндіктің Польшаға берілетіні» де сөз болды.
Осылайша, Польша енді Украинаға МиГ-29 истребительдері мен Су-25 штурмовиктерін жеткізіп беріп, олардың орнына АҚШ-тан F-16 истребительдерін ала алады.
* Украинада ресейлік тұтқындарды ұстайтын лагерь ашу жөнінде де сөз қозғалды. Әйтпесе, тұтқындарды ұстап отыратын жер қалмай бара жатыр, деді Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович.
* Украина қарулы күштері Ирпень түбінде Ресейдің техникалар колоннасын жойып жіберді. Олар Киевтің қоршауға алуға келе жатыр екен.
* Бүгін жариялаған Путиннің стюардессалардың жанында «отырып» жасаған видеоүндеуі монтаж екенін желі пайдаланушылар анықтап қойды. Көп сарапшы осыдан кейін Ресей президентінің Оңтүстік Орал тауларының етегіндегі Ямантау қыратының астына орналасқан бункерле тығылып отырғаны шындық деген пікірге тоқтады. Тексеріп қараған адам шынында жазбаның қолдан құрастырылғанын айғақтайтын детальдар аз емес.
* Харьков түбінде агрессорлар кешелі бері екі жүзге жуық адамды өлтірді. Олардың тоқтаусыз атқылауы салдарынан облыста 433 адам жарақат алды. Олардың 312-сі – бейбіт тұрғындар, соның ішінде 5 бала бар.
* Мариупольді атқылаудан мыңға жуық қала тұрғыны жарақат алды.
* Ресейде бүгіннен бастап VISA және MasterCard карталары тек жеті елден ғана аударылым ала алады. Жергілікті «Мир» жүйесі Түркия, Вьетнам, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен ғана ақша қабылдайды.
* Ресей басқыншылары Канев ГЭС-індегі тоғанды жарып жіберуге бірнеше рет әрекет жасады. Бірақ украин әскерлерінен қарсы соққы алып барып тоқтады.
* Агрессорлар Ахтыркадағы ТЭЦ-ті істен шығарды. Осыған байланысты қала үйлеріне жылу келмей қалды. Осы атқылау кезінде орталықтың бес қызметкері қаза тапты.
* Соғыстың басынан бері Ресей армиясы 44 ұшағы мен 44 кұшағынан айырылды. Сол сияқты 269 танк, 945 БТР, 105 артиллериялық жүйе іске аспай қалды. Ал қаза тапқан жауынгерлері саны 11 мыңға жақындады.