Нұралы Әліп «Зенит» сапында бірінші трофейін алды
ЛИССАБОН. 12 ақпан. Қазақстандық футболшы Нұралы Әліп Санкт-Петербургтің «Зенит» командасы сапында Атлантика Кубогын жеңіп алды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Кубок жолындағы ойындар Португалияда ойналды.
Алматының «Қайрат» командасының бұрынғы қорғаушысы «Зениттің» Данияның көп дүркін чемпионы – «Брондб» клубымен кездесуінде таразы басын теңестіріп, соңында өз ұжымының жеңіске жетуіне үлес қосты. Нәтижесінде ресейліктер 2:1 есебімен ұтты.
Матчта бірінші болып даттар есеп ашты. Ал Нұралы 77-минутта айып алаңына келген допты тоқтатпастан ұрып, оны қақпадан бір-ақ шығарды. Арада екі минут өткенде Артем Дзюба ойынның соңғы нүктесін қойды.
«Зенит» осымен Атлантика Кубогын екінші рет еншілеп отыр. Бірінші рет ол мұндай табысқа 2016 жылы жеткен еді.
Қазіргі кездері Санкт-Петербург клубының байқауында жүрген Нұралы осымен бұл турнирде өзінің екінші голын соқты. Ол Данияның тағы бір командасы – «Митдьюландпен» ойында бұрыштамадан берілген допты баспен ұрып түсіріп еді.
Матч соңында «Зениттің» бас жаттықтырушысы Сергей Семак байқауда жүрген Нұралы Әліптің команда сапына алынып қойылғанын айтты. Ол мұнда «Қайраттың» жалға берген футболшысы ретінде ойнайды.