Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Татарстанда болды

ҚАЗАН. 12 ақпан. Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қазанда болып, Татарстан Президенті Рустам Минниханов кездесті. Бұл туралы tararstan.ru хабарлады.

Бауырлас, түркі тілдес екі халықтың лидерлері Қазан Кремлінде әңгіме-дүкен құрды. Екі президент өзара тәржімасыз татар және қазақ тілдерінде сөйлесті.

«Ресей-Қазақстан достық шеңберінде біздің Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігіне көңіл аударып отыратыныңызды жоғары бағалаймыз», – деп атап көрсетті Рустам Минниханов.

«Қазақстан – біз үшін стратегиялық әріптес. Біздің Қазақстан аймақтарымен жасасқан көптеген келісімдеріміз бар. Пандемияға қарамастан, екі жылдың ішінде біздің тауар айналымымыз 630 миллион доллар деңгейіне жетті. Солай бола тұра, біздің әлеуетіміз бұдан көбірек», – деді Рустам Минниханов.

Татарстан президенті Қазақстанда 200 мыңнан аса татар тұратынына назар аударды. Олар онда өздерін жақсы сезінеді. «Мен өз отандастарыма қолдау көрсететіндеріңіз үшін Сізге шын көңілден алғыс айтамын», – деді.

Бұдан бөлек, Рустам Минниханов Қазақстанда Ресейдің техникалық жоғары оқу орындарының филиалдары ашылу бағытына қызығушылық танытты, бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде болғанында білдіріп еді.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Татарстанда болғаны үшін өте қуанышты екенін атап өтті.

«Кеше Мәскеуде Владимир Путинмен бес сағатқа жуық уақытқа созылған келіссөз өткіздім. Біз Татарстанмен ынтымақтастықты жалғастыратынымыз туралы айттық. Владимир Владимирович өзінің сөзінде Татарстанның Ресейдегі мейлінше ырғақты дамыған аймақтардың бірі екенін ерекше атап өтті», – деді Қазақстан Президенті.

«Қазанға бірінші рет келіп тұрмын. Мешітте, православие храмында болдым. Мен үлкен әсерге бөлендім. Біз Татарстанның сіздің күшті басшылығыңызбен қалай дамып келе жатқанын көріп отырмыз», – деп сөзін түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында «КаМАЗ», «Татнефть» басшылары, кәсіби салалар министрлері Қазақстан мен Татарстан арасында бүгінде бірге жүргізіліп жатқан жобалар жайлы баяндады.

Соңында Рустам Минниханов Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты, халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Президентіне «Дуслык» орденін тапсырды.

 

Татарша түпнұсқасы:

Рөстәм Миңнеханов Казахстан Президенты Касыйм Җомарт Токаев белән очрашты

Татарстан Республикасы Президенты Рөстәм Миңнеханов Казахстан Республикасы Президенты Касыйм Җомарт Токаев белән очрашты. Очрашу Казан Кремлендә узды.

«Сезнең безгә булган игътибарыгызны һәм Россия-Казахстан дустанә мөнәсәбәтләре кысаларында Казахстан белән хезмәттәшлекне үстерү мөмкинлеген югары бәялибез», – дип билгеләп үтте Рөстәм Миңнеханов, Казахстан Президентын сәламләп.

«Казахстан безнең өчен – стратегик партнер. Казахстан төбәкләре белән күп кенә килешүләр бар. Пандемиягә карамастан, безнең товар әйләнеше ике ел рәттән 630 млн. доллар дәрәҗәсендә тора. Шуңа да карамастан, безнең потенциал күбрәк», – диде Рөстәм Миңнеханов.

Президент, 200 меңнән артык татар – Казахстан гражданнары, диде. Алар үзләрен бик уңайлы хис итәләр. «Мин ватандашларыбызга ярдәм иткән өчен чын күңелдән рәхмәтлемен Сезгә», – дип мөрәҗәгать итте ул Казахстан Президентына.

Моннан тыш, Рөстәм Миңнеханов Казахстандагы техник югары уку йортларының филиалларын ачу линиясе буенча эшләргә игътибар итте, бу хакта кичә Мәскәүдә Касыйм Җомарт Токаев та белдерде.

Үз чиратында Казахстан Президенты билгеләп үткәнчә, Татарстанда булуына ул бик шат.

«Кичә Мәскәүдә Мин Владимир Путин белән 5 сәгатьлек сөйләшүләр уздырдым. Без Татарстан белән хезмәттәшлекне дәвам итәчәкбез, дидек. Владимир Владимирович үз чыгышында Татарстанның Россиянең динамик үсештәге субъектларының берсе булуын аерым билгеләп үтте», – диде Президент.

«Казанга беренче тапкыр киләм. Мәчеттә, православие храмында булдым. Мин бик сокландым: без сезнең көчле җитәкчелек астында Татарстанның ничек үсүен күрәбез», – диде Касыйм Җомарт Токаев.

Очрашу барышында КАМАЗ, Татнефть җитәкчеләре, юнәлеш министрлары бүген гамәлгә ашырыла торган уртак проектлар турында сөйләделәр.

Соңыннан Татарстан Республикасы Президенты Рөстәм Миңнеханов Казахстан Президентына «Дуслык» орденын тапшырды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button