«Астана LRT» ісі үшін айыпталушы кінәні Жақсыбековке аударды
АСТАНА. 16 қаңтар. «Астана LRT» ісі бойынша айыпталған Қанат Сұлтанбеков бар кінәні Әділбек Жақсыбековке аударып отыр. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Айыпталушы бұл істе өзінің титтей де кінәсі жоқ екенін мәлімдеді.
«Мен LRT мен BRT-ге байланысты ешқандай ҰҚТ (ұйымдасқан қылмыстық топ) құрған жоқпын. Мен олардан бір тиын да алған емеспін», – деп жазды Сұлтанбеков әлеуметтік желіде.
Сонымен қатар, ол 2009 жылдың қазанынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болып істегенін, ал LRT-ге бөлінген 257 млн доллардың 2016 жылы олардың банкін әкімдік Астанаға көшіргеннен кейін жоғалып кеткенін түсіндірді.
Сұлтанбековтің айтуынша, француз әріптестері бұларға Еуропадағыдай жер бетінде жүретін трамвай орнатуды ұсынған, бірақ Иманғали Тасмағамбетов Дубайдағыдай LRT эстакадасын салу қажеттігін айтып, көнбей қойған. 2013 жылы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жобаны тоқтатады, сосын «Тасмағамбетов жобаның құнын азайту мақсатында елдің басшысын LRT-ті BRT-ге (жоғары сыйымдылықты автобустарға жеке желі бөлу) алмастыруға, яғни эстакадағы трамвайды автобус желісімен ауыстырға көндірді».
Ал 2014 жылдың күзінде Әділбек Жақсыбеков Астана қаласының әкімі болды. «Сол жылы Астананың жаңа әкімі Жақсыбеков мені барлық көлік жобаларының, – соның ішінде LRT да бар, – үстемелерін (откат) әкеп беруді талап еткен ұлы Дәуренге жұмсады. Мен барудан бас тарттым, сосын жұмыстан шығып кетуіме тура келді. Бұл тақырыпта Дәуреннің қандай ыждағатпен және құштарлықпен жобалардың тізімін қалай зерттегенінен бастап, бәрін егжей-тегжейіне дейін талай нәрсе жазуға болады. 2014 жылдың желтоқсаны. Мен әкімдікпен шығып кеттім, менің орныма Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәли Әлиев келді. Жақсыбеков елдің басшының көзін LRT жобасына қайта оралу керектігіне жеткізді, бірақ енді қытай технологиясы бойынша жүргізілетін болды. Қазірге дейін «салынған», дәлірегі тоқтатылып тасталған жобаның бар жұмысы – Жақсыбеков пен Әлиевтің еншісіндегі нәрселер!», – деп баяндайды Сұлтанбеков.
Ол сонымен бірге, 257 млн долларлық Қытай инвестициясының жоғалып кеткенін, ал Қытайда LRT ісі бойынша бірнеше адамның сотталғанын айтады.
«Тап сол жылы Масимов Қытайға сапары шеңберінде LRT-ны салатын қытайлық компанияға халықаралық займ тартып қайтады. 2016 жыл. Қытайдың LRT үшін белгіленген 257 млн доллар ақшасы белгісіз бір себептермен банкротқа ұшыраған «Астана» банкіне аударылады. Сөйтіп, LRT тоқтап қалды. Енді бұл ақшаның қайда кеткенін банктің есепшоттары бойынша оңай анықтауға болады, бірақ тергеу мұны жасамай отыр. Есімізде, 2019 жылы желтоқсанда президент Тоқаев «Deutsche Welle» газетіне LRT жобасы бойынша Қытайда біраз адамның сотталғанын баяндап берген болатын. Ендеше, мен өзім кеткеннен кейін 2 жылдан кейін қолға алынған LRT-ның қытайлық вариантына қалай қатысты боламын?», – деп жазады Қанат Сұлтанбеков.
Ол сондай-ақ сотқа LRT-қа емес, BRT-қа қатысы барлардың тартылғанын атап көрсетті.
«Сондықтан мен барлығын өз аттарымен атай келіп, BRT жобасын LRT-тің «соусы» арқылы соттап жатқанын айтамын, ал LRT жобасы бойынша ешкім тергеліп жатқан жоқ. 257 млн долларды ешкім іздемейді!!! Әкімдер мен Үкімет мүшелерінің бірде-бірі тергелмеді. Ал басшы шешімді қабылдағандар солар болатын», – деп жазды Сұлтанбеков,