«Астана» «Браннды» 3:0 етіп ұтып, лиганың топтық кезеңіне шықты (видео)
АЛМАТЫ. 29 тамыз. Норвегтің «Бранн» командасын 91-минутта камбэк жасап ұтқан «Астана» футбол клубы Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы Vesti.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Кездесу бүгін, 29 тамызда Алматының Орталық стадионында өтті. Астананың «Астана» командасы Конференция лигасы плей-офф раунды шеңберінің қарымта матчында Норвегияның «Бранн» командасын қабылдады. Матч 3:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Қарсыластардың бұған дейінгі бірінші ойынында «Бранн» 2:0 есебімен ұтып кеткен еді. Екі кездесудің қорытындысында астаналықтар осылай 91-минутта соққан соңғы голымен камбэк жасап, Конференция лигасының топтық кезеңіне шығып отыр.
Бүгінгі матчтың бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Ал екінші таймның 60-минутында Джеффри Чинеду есеп ашты. Бұдан кейін ол 81-минутта есепті еселеп, дубль жасады. Оның осыы екі голы да бір-бірлеріне ұқсас жағдайда соғылды. Ал 90-минутта оның орнына алаңға шыққан Рамазан Кәрімов жарты минуттың ішінде есепті 3:0-ге жеткізді.
Осы жеңіс екі ойынның қорытындысы бойынша «Астанаға» жарыс жолын жалғастыруға мүмкіндік берді.
Айта кету керек, бұдан бір апта бұрын, 22 тамызда Норвегияның Берген қаласында өткен матчта допқа иелік ету жағынан алаң иелеріне 20/80 пайыздық мөлшермен жол беріп қойған «Астана» бүгінгі ойынды өте күшті өткізді. Команда ойыншыларында есепті еселей түсетін мүмкіндіктер өте көп болды. Бірақ соның тек солардың үшеуін ғана тиімді пайдаланып қалды. Дубль жасаған Чинедудің өзі төрт рет гол соғатын сәтке тап келді. Ол тіпті бірінші таймда бір метр жерден қақпаға доп түсіре алмаған кезі де кезікті.