Көшелерден Назарбаевтың аты жазылған тақтайшалар алынуда
АСТАНА. 16 қаңтар. Қазақстанның бірқатар қалаларында Нұрсұлтан Назарбаевтың атын алған көшелерден осыны білдіретін сілтеме тақтайшалар алынып тасталып жатыр. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
«Қазақстан қалаларының көшелері бойларындағы үйлер мен ғимараттар қабырғаларынан елдің бұрынғы президентінің аты жазылған тақтайшалар алынып тасталып жатыр», – делінген онда.
Агенттік сондай-ақ Астанада орналасқан Нұрсұлтан Назарбаев қоры ғимаратының алдындағы мәрмәрға жазылған «Фонд Нурсултана Назарбаева» және «Nursultan Nazarbayev qory» деген жазбалар да жоғалған. Алматы полиция департаментінің мәжіліс залындағы алтын әріптермен ойылған дәйектеменің авторы көрсетілген жазу да алынып қалыпты. Қаланың билігі Назарбаев атындағы даңғылдың бойынан түсіріліп тасталған тақтайшаларды қайта орнатуға асығар емес.
Бұдан бөлек, республикада елорданың бұрынғы Астана атын қайтару жөнінде қол жиналып жатыр. Петицияда ел байтағындағы әуежайдан, сондай-ақ барлық қалалардағы Назарбаев атындағы көшелерден оның атын алып тастау талап етілген.
Халық бұрынғы президенттің табыну нысаны (культ личности) болуына түбегейлі қарсы.
Талдықорғанда 2016 жылы тұрғызылған Назарбаев ескерткіші жаппай тәртіпсіздік кезінде қиратылды. Тұғырдан бұрынғы президенттің бюсті жұлынып алынып тасталды. Онда да мүсінді қайта орнату орын алған жоқ.