Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

«Астана» Конференция лигасы топтық кезеңінде «Челсимен» ойнайды (видео)

МОНАКО. 30 тамыз. «Астананың» Конференция лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды, осы шоғыр арасындағы «Челси» Қазақстанға келеді. Бұл туралы Vesti.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бүгін, 30 тамыз күні Монакода Конференция лигасының 2024/2025 жылдарғы маусымдағы негізгі торының жеребесі тартылды. Осы арқылы командалардың лига топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды.

Оның қорытындысы бойынша «Астана» футбол клубы Лондонның «Челси» (өз алаңында), Кипрдің АПОЭЛ (сыртта), Португалияның «Витория» (өз алаңында), Уэльстің «Нью-Сейнтс» (сыртта), сербтің «Бачка Топола» (өз алаңында) және Кипрдің «Пафос» (сыртта) командаларымен кездеседі.

Жалпы, топтық кезеңдегі турнирге 36 команда қатысады. Олардың әрбірі 6 матчтан өткізеді. Бірақ бұрынғы топтық кезеңдегіше командалар үйде және қонақта ойнау жүйесіндегідей бір-бірлерімен екі рет кездеспейді. Осы алты матчтың үшеуін өз алаңында өткізсе, тағы үшеуінде қарсыластар алаңында ойнайды. Осылайша топтың бірыңғай жүйесі бойынша ойнаған командалар ойналған алты матчта жинаған ұпайларына қарай турнир кестесіндегі орындарын алады. Бұлардың арасындағы 8 үздік команда бірден 1/8 финалға тікелей топ ете түссе, тағы 8 жолдаманың тағдыры 9-24 орындар алған жасақтар арасында өтетін екі кездесуден тұратын түйіспелі ойындар арқылы шешіледі, яғни онда жеңіске жеткен командалар алдыңғы сегіздікке қосылады.

Бұдан әрі турнир плей-офф жүйесі бойынша жүреді.

Сонымен, 3 қазанда Алматыға «Челси», 7 қарашада «Витория», 12 желтоқсанда «Бачка Топола» келеді. Ал қалған үш ойын – АПОЭЛ-мен 24 қазанда, «Нью-Сейнтспен» 28 қарашада, «Пафоспен» 19 желтоқсанда сол ұжымдардың алаңында өтеді.

Еске сала кетейік. «Астана» Конференция лигасындағы маусымын екінші іріктеу раундынан бастады. Ол осы турнирде молдованның «Милсамиінен» (1:1, 1:0), румынның «Корвинулынан» (2:1, 6:1) екі матчтың қорытындысында басым түссе, плей-офф раундында норвегтің «Бранн» командасын (0:2, 3:0) екінші кездесуде жеңу арқылы жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.

Конференция лигасының күнтізбесі

Жалпы кезең

1-тур: 3 қазан, 2024 жыл

2-тур: 24 қазан, 2024 жыл

3-тур: 7 қараша, 2024 жыл

4-тур: 28 қараша, 2024 жыл

5-тур: 12 желтоқсан, 2024 жыл

6-тур: 19 желтоқсан, 2024 жыл

Плей-офф

Түйіспелі матчтар: 13 және 20 ақпан, 2025 жыл.

1/8 финал: 6 және 13 наурыз, 2025 жыл.

1/4 финал: 10 және 17 сәуір, 2025 жыл.

1/2 финал: 1 және 8 мамыр, 2025 жыл.

Финал

28 мамыр, 2025 жыл («Вроцлав» стадионы, Польша).

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button