ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Тывада тілдің дамуын зерттейтін инспектор болады

КЫЗЫЛ. 4 желтоқсан. Ресейдің Тыва республикасында тыва тілінің қолданысы мен дамуы барысын тексеріп отыратын инспектор лауазымы белгіленді. Бұл туралы «Национальный акцент» хабарлады.

Аймақ басшысы Владислав Ховалыг (суретте) апта сайын өтіп тұратын кеңес кезінде осындай шешім қабылдады. Ол өз сөзінде ұлттық тілдерді құрметтеу қажет екенін атап өтті. «Біз – ресейліктерміз, – деді ол. – Орыс тілі – ел халықтарының, әртүрлі ұлттар мен діндер өкілдерінің басын біріктіретін тіл. Бірақ сонымен бірге өзіміздің тывалық екенімізді де ұмытпауымыз керек. Мен осындай ойды басшылыққа ала отырып, республикада тыва тілі жөніндегі инспектор лауазымын белгілеу туралы шешім шығардым».

Әзірге бұл қызметке кімнің баратыны айтылған жоқ.

Аймақ басшысы жиында білім министрінің міндетін атқарушы Алексей Храмцовқа республикада тіл саясатының тепе-теңдігін сақтау мәселесіне байланысты бағдарлама жасауды тездетуді тапсырды.

«Қазіргі кезде бізде ұлттық тіл мен орыс тілін меңгерудің мәні зор, – деді ол. – Екеуі де республиканың мемлекеттік тілі болып саналады».

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button