Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Астраханьда ықтимал қазақ қызын ұрған бұзақылар қолға түсті (видео)

АСТРАХАНЬ. 4 желтоқсан. Ресейдің Астрахань қаласында бір қызды жабылып соққыға жыққан екі дағыстандық жігіт қолға түсті. Бұл туралы «Астрахань.ру» хабарлады.

Оқиға қаладағы кафелердің бірінде 16 қараша күні орын алған. Дағыстаннан келген бір жігіт қоғамдық тамақтандыру орнында өзіне ескертпе жасаған клиент қызды ұрып жығып, тепкіге алады. Оған өзімен бірге келген жігіт көмектеседі.

Осы көрініс түсірілген видео әлеуметтік желіге сол бойы шығып кетеді. Бұған астраханьдықтар қатты ашу-ыза білдіріп, бұзақылары іздестіруге кіріседі. Оларды құқық қорғау органдарының қызметкерлері 26 қарашада қолға түсіреді. Ұсталғандардың бірі – 27-дегі, екіншісі 25-тегі дағыстандық жігіттер болып шықты.

Әлеуметтік желіге тарап кеткен сол видеодағы қыздың қазақ екені де айтылып жатыр. Бірақ ресми түрде растама жоқ.

Ал екі бұзақыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың бес жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button