26 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Елордада комплаенс қызметінің жұмыс қорытындысы талқыланды

15 Қазан 2021 14:37
- Жаңалықтар, Құқық
Елордада комплаенс қызметінің жұмыс қорытындысы талқыланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НҰР-СҰЛТАН. 15 қазан. Елорададағы Antikor Ortalygy алаңында «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясыың АҚ комплаенс қызметінің жұмыс қорытындысы талқыланды. Бұл туралы қалалық департамент баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

«2020 жылғы 6 қазанда Қазақстан Президенті «кейбір заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Бұл түзетулер квазимемлекеттік сектор субъектілерінде ұйым қызметкерлерінің де, оның контрагенттерінің де парасатты және әдепті мінез-құлқының корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерін құруды көздейді», – делінген баспасөз парақшасында.

«Осы норманы орындау шеңберінде «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, мүдделер қақтығысын реттеу қағидаларын әзірледі және бекітті, барлық еншілес ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді», – деп атап көрсетілген бұдан әрі.

«Astana» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау мақсатында комплаенс қызметі қоғам мәмілелер жасаған кезде ықтимал қауіптер мен тәуекелдерге, активтер мен басқа да мүлікті басқаруға, шарттар жасасудың орындылығына бағалау жүргізеді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ден қою тетіктері мен шарттарын, олардың салдарын барынша азайтуды қалыптастыру бойынша іс-шараларды іске асырады.

Қоғам құрылымына елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің түрлі салаларындағы функцияларды жүзеге асыратын 9 кәсіпорын кіреді. Олардың қатарында «Astana Innovations» АҚ, «Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС, «Астана-Зеленстрой» ЖШС, «SPK Astana Development» ЖШС, «Астана Орманы» ЖШС, «Астана Теплотранзит» АҚ, «Астана тазалық» ЖШС, «Астана Энергия» АҚ, «Астана АЭК» АҚ бар.

Қоғам жүргізген жұмыс аясында «жер учаскелерін беру ережелеріне» шешімдер қабылдау кезінде «SPK Astana Development» ЖШС лауазымды тұлғаларының теріс пайдалануы мен мүдделерінен көрінетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайтын өзгерістер енгізілді.

Осылайша, «SPK Astana Development» ЖШС жалға алушылардың шарттық міндеттемелерді орындауы жөніндегі бақылау функцияларын тиісінше орындамау фактілері жойылды. Жалға алушылардың шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамау және жалдау ақысы бойынша берешекті өтеу фактілерін жою бойынша шаралар қабылданды. Тек мониторинг жүргізу кезеңінде комплаенс-қызметі жалдау ақысы бойынша 5 млн теңгеден астам берешек өтеді.

Бұдан басқа, қоғамның және оның еншілес ұйымдарының қызметінде активтерді тиімсіз есепке алумен, ұрлаумен және заңсыз есептен шығарумен, қызметкерлердің еңбек тәртібін бұзумен және басқалармен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды және жойылды.

Өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Марат Хайруллин атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан «Protecting business and investment» жобасы туралы айтып қоғаммен тығыз өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті: «бүгінгі таңда квазимемлекеттік сектор субъектілерінде өз қызметін жүзеге асыратын комплаенс офицерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз өзара іс-қимыл жасауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің міндеттері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою ғана емес, сонымен қатар этикалық құндылықтарды ілгерілету болып табылады. Бұл ретте, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға да назар аудару қажеттілігі туындайды.

Таңбалар: елордажемқорлықкомплаенс

Ұқсас мақалалар

Алматының экс-әкімі элиталық жерлерді сатып, мемлекетке 80 млрд теңге зиян келтірген
Жаңалықтар

Алматының экс-әкімі элиталық жерлерді сатып, мемлекетке 80 млрд теңге зиян келтірген

25.06.2026
Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды
Жаңалықтар

Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды

13.04.2026
Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны расталды
Жаңалықтар

Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны расталды

13.02.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist