Астанада спортшылар жиындарына бөлінген 40 млн теңге қолды болған
АСТАНА. 11 шілде. Қазақстан елінің байтағында спортшылар үшін бөлінген 40 миллилн теңге қаржы жемқорлардың жұтқыншағында кетіп қалған. Бұл туралы Ulysmedia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Жемқорлық дерегін Қаржы мониторинг агенттігі анықтады. Ол Астана қаласындағы «Олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту дирекциясы» ҚММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісі орын алып келгеніне көз жеткізді.
Қаржы мониторингі агенттігі Астананың спорт төңірегіндегі лауазымды тұлғалардың 2021-2022 жылдары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырып келгенін баяндады.
«Іс жүзінде жиындар өткізілмеген, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырған», – деп атап өтті агенттік.
Ведомствоның дерегінше, заңсыз әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын мөлшері 40 миллион теңгеден беймалал асады.
Қазір осы факт негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Негізгі күдікті сот санкциясымен қамалды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.