Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Өзбекстан фермерлері алып асқабақ өсіріп шығарды
ТАШКЕНТ. 24 қыркүйек. Өзбекстан диқан-шаруалары салмағы 71 кило келетін алып асқабақты өсіріп шығарды. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.
Алып асқабақ Наманган уәлаятының Учкурган туманындағы «Пахтачи» махаласының егістік алқабында өсірілген.
Жалпы, диқан Ахрорбек Қочқаров биыл кілең үлкен асқабақтар шығарып, бақшалығынан мол өнім жинапты. Оның асқабақтарының ең кішкентай 27 кг тартса, ең салмақтысы 71 килоға дейін жеткен.
Хабарланғандай, бұл овлад, яғни әулет ертеден диқаншылықпен атын шығарған көрінеді. Қазір Ахрорбек те сирек кездесетін дақылдарды егу мен олардан мол өнім алу арқылы айналасына танылып қалыпты. Ол жинаған асқабақтарын көршілері мен туыстарына таратып беріпті.