Өзбекстан Ресей Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады (видео)

ТАШКЕНТ. 4 қыркүйек. Өзбекстан билігі Ресей Сыртқы істер министрлігіне Мәскеуде қорланған өзбек жүргізушісіне қатысты нота жолдады. Бұл туралы Газета.uz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Өзбекстан Ресей Сыртқы істер министрлігіне Өзбекстаннан келді делінген такси айдаушысының балағатталуына байланысты нота жолдады. Әлеуметтік желіде кеңінен тараған видеоларда бір кісі: «Сен орыстың құлысың, Өзбекстанда ештеңе жоқ, сол үшін бізге келдің» деп айқайлаған. Жазбада видеоға түсіп қалған адамға шара қолдану туралы өтініш жазылған.
«Тамыз айында Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейде болған Өзбекстан азаматы деген такси жүргізушісімен болған оқиғаға байланысты Ресей Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады», деп хабарлады СІМ баспасөз хатшысы Ахрор Бурханов.
Жазбада бейнежазбадағы адамның жеке басын анықтау және оған қатысты заңды шара қолдану туралы өтініш бар екені атап өтілген.
«Құрметті отандастар, тағы да естеріңізге саламыз. Өзбекстан азаматтары әлемнің қай елінде жүрсе де, мемлекетіміздің қорғауында болады», – делінген хабарламада.
Ведомство әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында таратылатын ақпараттарды үнемі қадағалап, анықталған жағдайларда тиісті шаралар қабылдау үшін шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен тығыз байланыста болатынын еске салды.
Айта кетуіміз керек, интернетте Мәскеу облысының Химки қаласындағы тұрғын үй кешенінде бір орта жастағы ер адамның таксистпен жанжалдасып, балағат сөздер айтып жатқан сәті түсірілген видеосы тарап кеткен болатын. Онда жергілікті жүргізушінің өзбек таксишісіне: «Сен орыстың құлысың, аузыңды ашпа!» деп айқайлағаны естіледі.
«Өзбекстанда түк те жоқ, сол үшін бізге келдің, сен өз үйіңде жоқсың, жұмысқа келдің, жұмысыңды істе», – деп айқайлайды ер адам. Видеода оның бірнеше рет боқтағаны да естіледі.
Осы кезде такси жүргізушісі сабырлы қалыпта ер адамды сабырға шақырып, көлікке отырып, кетіп қалады. Куәгерлердің айтуынша, кикілжің такси тұрғын үйдің ауласына кіре беріс жолды қысқа уақытқа жауып қойғандықтан басталған.
Сыртқы істер министрлігі азаматтарды қорғау Өзбекстан Конституциясы, ұлттық заңдар және халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормалары негізінде жүзеге асырылатынын атап өтті.
«Газета» Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ахрор Бұрхановтан аталмыш жағдай мен жарияланған мәлімдемені түсіндіруді сұрады.
«Бұл хабарламаның біздің шетелдегі барлық азаматтарымызға қатысы бар. Бізге [бұл азаматтан] әлі шағым түскен жоқ, ол түскен жағдайда бірден айтамыз», – деді Сыртқы істер министрлігінің өкілі.






