Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Асқар Ақаев қуғында жүрген жылдары үшін өтемақы сұрайды

БІШКЕК. 12 тамыз. Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев өзінің елден жырақта, қуғында жүрген жылдары үшін кешірім мен өтемақы алмақшы. Бұл туралы K-News.kg хабарлады.

Мұндай ойды қоғам қайраткер Эмилбек Қаптағаев айтып отыр. Ол бірінші президент елге орала қалса, оның өз міндеті болатынын алға тартты. «Асқар Ақаев елге келесі келгенінде осыншама жыл сыртта қуғында жүргені үшін кешірім мен өтемақы төлеуді талап етеді», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

«Ақаев кешірім сұраудың орнына, халықтың бетіне түкірді», – деп жазды ол тағы.

Қаптағаевты бұрынғы президенттің сөзіне қарағанда, оның еш нәрсеге өзін кінәлі сезінбей отырғаны ашындырыпты.

«Айтуынша, оның әйелі, ұлдары мен қыздары, күйеу баласы ештеңеге араласпапты, ешқандай да отбасылық-кландық басқару орын алмапты, Құмтөрге байланысты барлық айыбы бәрін үкіметке сеніп тапсырғанында болыпты. Халықтың байлығы тоналып жатқанын білмепті. Оның Ақсый оқиғаларына ешқандай қатысы болмаған… Қысқасы, сүттен де ақ болған екен… Оның сөзіне қарағанда, халықтың өзі бәріне кінәлі… Өзі мен отбасысын 2005 жылғы 24 наурызда жайдан-жай қуып шыққан… Бәлки, келесі келгенінде біздің бәріміз одан кешірім сұрайтын шығармыз. Мен ол енді бірнеше жыл қуғында болғаны үшін де өтемақы сұрайды-ау деп ойлаймын», – деген ойды білдірді Қаптағаев.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button