18 Қазан, 15:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылық жазасын күшейтетін заң жобасын қабылдады

28 Ақпан 2024 21:55
- Жаңалықтар, Құқық
Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылық жазасын күшейтетін заң жобасын қабылдады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 28 ақпан. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары отбасының шырқын бұзу оқиғаларын жан-жақты мән беретін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Halyq Uni ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын екінші оқылымда қабылдады.

Бұған дейін әйеліне қол көтергендер сотталып, педофилдердің өмірбақи бас бостандығынан айырылатыны хабарланған болатын.

Заң жобалары Президенттің зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдату туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

«Бұл заң жобалары барлық азаматтың, оның ішінде қоғамның ең осал мүшелері саналатын әйелдер мен балалардың құқығы мен мүддесін қорғауда қалқан болуға, мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін жетілдіруге, қоғамдағы тәртіп бұзушылыққа байланысты жауапкершілікті күшейтуге арналған. Бастысы, қоғамымыздың негізі отбасындағы береке-бірлікті нығайту құндылықтары енгізіліп отыр», – деді депутат Жұлдыз Сүлейменова.

Онда мынадай нормалар бар:

– тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген белгілері бар адамдарға уақытша тұруға мүмкіндік бере отырып, оларға қолдау көрсету бөлігінде Отбасын қолдау орталықтарының құзыреттерін нақтылауға;

– денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау тәртібін реттеуге;

– қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп жіберуге тыйым салынатын балалардың (16 жасқа толмағандарға қатысты) жасын анықтауға;

– 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта қорлап, тиіскені үшін қылмыстық жауаптылықты күшейтуге;

– сотталған немесе татуласуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған адамдарға сот белгілеген ерекше талаптарды қолдану.

Дауыс беру барысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын 82 депутат жақтады, 3 депутат қарсы болды, 5 депутат қалыс қалды.

Сонымен қатар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын 82 депутат жақтады, 1 депутат дауыс бермеді, 2 депутат қарсы болды, 6 депутат қалыс қалды.

Заң жобалары екінші оқылымда қабылданып, Сенаттың қарауына жіберілді.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгін маңызды заң жобасы қаралғанын атап өтті.

«Бүгін біз өте маңызды заң жобасын қабылдадық. Бұл құжат мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, заң үстемдігі мен тәртіпті қамтамасыз етуге тікелей бағытталды. Отбасы мен тұрмыстағы зорлық-зомбылық – қоғамда жиі талқыланатын өзекті және өткір мәселе. Аталған проблеманы құқық қорғаушылар мен депутаттар ғана айтып жүрген жоқ. Әйелдер мен балалардың қорғансыздығы жайындағы мәселе БАҚ-та, әлеуметтік желіде өте жиі көтеріліп жатыр. Аргессорлар мен абъюзерлердің кесірінен қаншама шаңырақ шайқалып, әйел тағдыры талқыға түсіп, балалар зардап шегуде», – деді спикер.

Ол сондай-ақ әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерге жазаны күшейтуді халық көптен бері талап етіп келе жатқанын еске салды.

«Енді жаңа заң бойынша мұндай қылмыстар үшін қатаң шаралар қолданылады. Ол өте орынды. Жалпы әйелдер мен балаларға күш көрсетуге, агрессия мен зорлық-зомбылыққа жол бермеуіміз керек. Ата дәстүрімізді берік ұстанып, ерлі-зайыптылар арасында шынайы құрмет, сыйластық пен балаларға деген қамқорлық орнауы керек», – деді Ерлан Қошанов.

Таңбалар: Ерлан Қошановзаң жобасыотбасы

Ұқсас мақалалар

АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды
Дәулет

АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

17.10.2026
Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
Жаңалықтар

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды

23.09.2026
Алматы облысында полицейдің өліміне қатысты тың дерек шықты
Жаңалықтар

Алматы облысында полицейдің өліміне қатысты тың дерек шықты

26.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist