25 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ынтымақтың ұясы – Шүкірбаевтар шаңырағы

12 Желтоқсан 2025 15:33
- Әлеумет, Жаңалықтар
Ынтымақтың ұясы – Шүкірбаевтар шаңырағы
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Шүкірбаевтар әулетіне келін болып түскеніне жеті жылға жуықтаған Жадыра – бүгінде екі ұлдың аяулы анасы, отбасының берекесін келтіріп отырған жас келіндердің бірі. Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округінде тұратын ол үлкен әрі тамыры тереңге тараған отбасымен бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді.

Әулеттің арқа сүйері болған Шүкірбай ақсақал бұдан бір жыл бұрын дүниеден озған. Ол кісі ауыл-аймаққа ғана емес, аудан, облысқа да өткір мінезімен, әділ сөзімен, терең ақылымен танылған тұлға еді. Ел ішіндегі дауды дауға жеткізбей, екі тарапты ренжітпей, әділ мәміле таба білетін парасат иесі болатын. Оның айтқан бір ауыз сөзі талай жанға бағдар, талай отбасыға тыныштық сыйлаған.

Бүгінде осы әулеттің аяулы анасы Алтынсары апамыз кенже ұлының қолында тұрады. Бұл шаңырақта еңбек пен татулық егіз ұғымға айналған. Атасы Бертай темір жол саласында техник қызметін атқарса, енесі Мейрамгүл – үйдің берекесін келтіріп отырған алтын қазық. Жолдасы темір жол өткелінде кезекші болып еңбек етсе, Жадыраның өзі «Жансая» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші болып, жас ұрпақтың тәрбиесіне үлес қосып келеді.

Бұл әулеттің ең басты ерекшелігі – өзара түсіністік пен сыйластық. Жадыра алғашқы түскен келін болғанымен, ата-енесі оны жатсынбай, туған қыздарындай көріп, әрдайым қолдау білдіріп келеді. Жұмыстан кешігіп келген күндері де «Неге үлгермедің?» деген сөз естіп көрмеген. Керісінше, шаршап келгенін ескеріп, ас-суын дайындап, көңілін табуға тырысады. Келіннен міндет іздемей, жүрек жылуын аямайтын мұндай мейірім Жадыра үшін үлкен мектеп, үлкен бақыт.

Отбасындағы тұрмыстық салт-дәстүр де өзара түсіністікке негізделген. Келінге шектен тыс талап қойылып, сыртқы болмысына қатысты қатаң міндет жүктелмеген. Барлығы ішкі мәдениет пен өзара құрмет арқылы реттеліп отырады. Бұл – әр отбасының өзіндік ерекшелігі. Бір шаңырақта қалыптасқан тәртіп басқа отбасыға ұқсамауы да мүмкін. Ең бастысы – отбасының іргесі берік, ынтымағы мығым болуы. Жадыра бала тәрбиесі жайында да өз ұстанымын ашық айтады. Оның пікірінше, бала ата-ананың тәрбиесінде өсуі тиіс.

Әрине, ата мен әженің орны бөлек, олардың мейірімі мен ақылы – баға жетпес қазына. Дегенмен, баланың негізгі тәлім-тәрбиесі әке мен ананың мойнында болуы қажет. Себебі ата-әженің қолында өскен бала кейін қайтадан ата-анасының жанына бейімделу кезінде ішкі күйзеліс сезінуі мүмкін. Бұл – өзінің өмірлік тәжірибесінен түйген тұжырымы. Жадыра жолдасы Рахыммен барлық мәселені ақылдасып, ортақ шешіммен қабылдайды. Бала тәрбиесінде де, тұрмыстық тіршілікте де бір-бірінің пікірін құрметтейді. Осындай өзара сенім мен түсіністікке негізделген отбасы ғана шын мәнінде мызғымас қамалға айналатынына ол кәміл сенеді.

Шынтуайтында, бұл шаңырақ – бүгінгі қоғамға үлгі боларлық, берекесі мен бірлігі жарасқан отбасының жарқын көрінісі. Мұнда келін мен ененің емес, ана мен қыздың, әке мен баланың арасындағы шынайы сүйіспеншілік сезіледі. Осындай отбасылар барда ұлттық құндылықтарымыз да, адамгершілік мен мейірім де өз жалғасын таба бермек.

Жансая НҰРҚОЖА,

Қызылорда облысы,

Арал ауданы

Таңбалар: АралотбасыШүкірбаевтар

Ұқсас мақалалар

Алматы облысында полицейдің өліміне қатысты тың дерек шықты
Жаңалықтар

Алматы облысында полицейдің өліміне қатысты тың дерек шықты

26.06.2026
Сыр бойында облыстық Әкелер форумы болып өтті
Әлеумет

Сыр бойында облыстық Әкелер форумы болып өтті

19.06.2026
Қамыстыбас туристік әлеуетінің инфрақұрылымы дамытылатын болады
Дәулет

Қамыстыбас туристік әлеуетінің инфрақұрылымы дамытылатын болады

06.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist