Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

УЕФА Суперкубогы үшін матчты тікелей эфирден көруге болады

АЛМАТЫ. 11 тамыз. Бүгін тамыздың 11-нен 12-сіне қараған түнде ойналатын УЕФА Суперкубогының финалдық матчын тікелей эфирден көруге болады. Бұл туралы «Vesti.kz» хабарлады.

Суперкубок финалында Лондонның «Челси» клубы (Англия) мен Вильярреалдың «Вильярреал» командасы (Испания) ұшырасады. Матч Солтүстік Ирландияның (Ұлыбритания) орталығы – Белфаст қаласында өтеді. Ол Алматы уақытымен 00:01 сағатта басталады.

Матчты «Vesti.kz» сайтынан тікелей эфирде көруге болады. Бұдан басқа, Украинаның көптеген сайттары көрсеткелі отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстан телеарналарының бірде-бірі бұл матчты көрсетуге құлықты болмапты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button