Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Елдос Сметов – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

ТОКИО. 24 шілде. Дзюдошы Елдос Сметов Токиода өтіп жатқан жазғы Олимпиялық ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Қазақстан құрамасының қоржынына осылайша Олимпиаданың бірінші медалі түсті.

Елдос бұл жүлдеге 60 килоға дейінгі салмақта күресті. Ол бірінші белдесуінде түрік палуанын жеңді, ширек финалда корей спортшысынан басым түсті. Ал жартылай финалда жапон Наохисе Такатоға есе жіберіп алды. Бірақ үшінші орын үшін таласта айдыны асты.

Айта кету керек, Елдос 2016 жылғы Олимпиадада дәл осы салмақта күміс жүлде алған еді. Бұдан бөлек, 2015 жылы әлем чемпионы болды, содан кейін Азия ойындары мен чемпионатының алты медаліне қол жеткізді. Ал Наохиса Такато Бразилияда өткен төрт жылдықтың басты бәсекесінде қола медаль алған болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button