Ресей Ақирет күніне екі жаңа ұшақ дайындап жатыр
МӘСКЕУ. 31 шілде. Ресей президенті Владимир Путин Ақирет күніне арнап екі жаңа ұшақ жасап шығару жұмысын тікелей өзі басшылыққа алды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Жаңа әуе кемелері әлемде ядролық қақтығыс орын ала қалған жайғдайда сол соғыс қимылдарын басқару мен бақылау орталығына айналмақшы.
Ұшақ шабуыл жасала қалған жағдайда Ресейдің жоғары басшылығын қауіпсіз жерге жеткізіп, сол жақтан Қарулы күштерге басшылық жасап отыруларын қамтамасыз ететін болмақшы-мыс.
Ұшақтарды истребительдер қоршап алып жүреді, оларда кабинаның терезелерінен басқа иллюминаторлар болмайды.
РИА «Новости» хабарлағандай, екі ұшақтың біріншісінің құрылысы орталық Ресейдегі Воронеж қаласында жүргізілуде. Сонымен қатар, үшінші ұшақтың құрылысы да қолға алынуы мүмкін екені айтылып отыр.
Жаңа ұшақтар Ил-96 лайнерінің үлгісімен жасалады, ол 1980 жылдардың аяғынан бері Ақирет күні үшін дайын тұрған Ил-80 әуе кемесін алмастырады.
Алдыңғыларымен салыстырғанда, жаңа ұшақтардың ұшу қашықтығы екі есе көп болады және ол Кремльдің жоғарғы басшылығына 6000 шақырымнан астам радиустағы ядролық зымырандардың жер үсті, су асты және әуеде ұшу қондырғыларына бұйрық беріп тұруға жағдай жасайды деп күтілуде.
Өткен жылдың желтоқсан айында Ресейдің оңтүстігіндегі Таганрог аэродромында техникалық қызмет көрсету кезінде қазіргі Ақиреттік ұшақтардың бірін әлдекімдер бұзып тастап, оны электронды жабдықтан айырды. Билік бұл қылмысты жабдық құрамындағы алтын мен платина сияқты қымбат металдарды алу үшін кәдуілгі ұрылар жасады деп шешсе де, мұны Кремль үшін елеулі қауіп келтіретін жағдай деп есептеді. Сондықтан жаңа осындай ұшақтар дайындауға шұғыл кісіріп кетті.