Канадада шектен тыс ыстық адамдар өліміне себеп болды
ОТТАВА. 3 шілде. Канадада соңғы күндері орын алып жатқан шектен тыс ыстық адамдардың өліміне бір себеп болып жатыр. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.
«Соңғы аптада орын алған аномалды ыстықтан Британия Колумбиясынының әртүрлі қалаларында азаматтардың кенеттен болған 719 өлімі оқиғасы тіркелді», – делінген хабарламада. Провинция бас сот-медицина сарапшысы Лиза Лапойнт CBS телеарнасына берген сұхбатында осындай дерек келтірді.
«Британия Колумбиясы өткен аптада бастан кешкен экстремалды ауа райы жағдайы адам өлімінің күрт көбейіп кетуіне тікелей әсер еткен фактор болып табылады», – деді ол.
Осы аптада Ванкувердің солтүстік-шығысында 260 шақырым жерге орналасқан Литтон қаласында ауа 49,6 градусқа дейін қызды. Бұл – Канада үшін өмірде болмаған ыстық.