Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Зеленский Украина құрамасына телефон шалып, сәттілік тіледі

КИЕВ. 3 шілде. Украина президенті Володимир Зеленский бүгін Еуро-2020 чемпионатының ширек финалында Англия командасымен ойнағалы жатқан өз елі құрамасына телефон соқты. Бұл туралы Liga.net хабарлады.

Мемлекет басшысы өзінің сөзінде Англиямен шайқасатын украин футболшыларында ағылшындарды «үйретуге» мүмкіндік бар екенін айтты. Ол мұны Facebook-тегі парақшасында да атап өтті.

«Сөйлестік, күлістік, өзімізді дайындадық! Менің енді не туралы ойлап отырғанымды білесіздер ме? Ағылшындарды «футболдың әкесі» деген ұғым жиі айтылады. Ал біз – бұл жолғы Еуродағы ең жас командалардың біріміз. Олай болса, бүгін балалардың ата-аналарына ойнауды үйретулеріне мүмкіндік беретін күн де келді», – деп жазды ол.

Зеленский Украина құрамасына «өз ойындарын тауып алуға» және тек жеңіс туралы ойлауға тілек білдірді.

Жартылай финалдық жұптың алғашқысын Италия мен Испания құрап отыр.

Бүгін екінші жұп анықталады.

Алдымен Чехия және Дания құрамалары күш сынасады. Соңынан Украина мен Англия кездеседі.

Чемпионаттың финалдық ойыны 11 шілде күні Лондонның «Уэмбли» стадионында өтеді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button