Бір әйел 95 жыл бұрын хат салынған бөтелке тауып алды
ВАШИНГТОН. 25 маусым. АҚШ-тың Мичиган штатында тұратын Дженнифер Доукер су түбінде 95 жыл жатқан бөтелкеге кезікті. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Бөтелкенің ішінен хат шықты. Әйел онда бір ер кісі жазып қалдырған өтінішті орындады.
Чебойган өзенінде жүзетін серуен кемесінің капитаны болып табылатын Дженнифер Доукер сол күні арнаны тазалау жұмыстарымен айналысып жүр екен. Ол бір сәт өзен түбінде жарқырап жатқан бір затты байқап қалады. Сосын ол суға секіріп түсіп, одан бір бөтелкені алып шығады.
Бөтелке ішінен 1926 жылы жазылған хат табылды. Онда: «Осы хатты тауып алған адам оны Мичиган штаты Чебойган қаласында тұратын Джордж Морроуға қайдан тапқанын айтып, тапсырсын», – делінген.
Сода кейін Доукер 2021 жылғы 19 маусым күні бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасына жазады. Ертеңіне оған хат жолдаушының қызы Мишель Примо хабарласты. Қартаң әйел әлеуметтік желіні пайдаланбайтынын, өзіне Доукер тапқан хат туралы бейтаныс кісілердің айтқанын жеткізеді.
Примо осы хабардан өз әкесінің қолтаңбасын көріп отырғанын білдіреді. Ол 1926 жылдың қарашасында 18-ге толғанын айтады. «Хатты жазған менің әкем болуы керек. Бөтелкеге хат салып, оны өзенге ағызып жіберу оның сүйікті ісі болып еді»,– дейді қарт әйел.
Доукер хатты Примоға қайтармақшы болып еді, ол артефакт тапқан адамның өзінде болсын деген шешім айтты. Ал Дженифер енді өз кемесінде Мишельдің өмір бойы тегін жүретінін мәлімдеді.