ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Ыстанбұлдағы гей-парадты полиция қуып-таратты
ЫСТАНБҰЛ. 28 маусым. Ыстанбұл полициясы жергілікті билік тыйым салған гей-парад өткізуге әрекет жасаған адамдарды қуып-таратты. Бұл туралы түріктің Ahval газеті хабарлады.
Тәртіп сақшылары шара барысында шерушілерге көзден жас ағызатын газ қолданды. Қуу нәтижесінде 20 адам ұсталды.
Полиция қолдарына алабажақ жалаушалар ұстағандарға басты Таксим көшесіне жақын жерге келген кездерінде күш көрсетті.
Ұсталған 20 адамның арасында журналистер, соның ішінде француздың Agence France-Presse (AFP) ақпарат агенттігінің фотографы да бар.
Бұдан бұрын Ыстанбұл губернаторының офисі ЛГБТ+ -тің Малтепеде өткізбекші болған маршына рұқсат етілмегенін мәлімдеген еді.