Жаңалықтар жаңғырығыСпорт
«Барселона» Роналду үшін «Ювентусқа» екі футболшы бермекші
МАДРИД. 24 маусым. «Барселона» футбол клубы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду үшін «Ювентусқа» өзінің екі ойыншысын беруге даяр. Бұл туралы AS хабарлады.
Мәнбенің хабарлауынша, Каталония клубы клубы 36 жастағы форвард үшін Турин клубына Антуан Гризманн, Серхи Роберто және Филиппе Коутиньо үшеуінің өздері қалаған екеуін беруге дайын отыр.
Бұдан бұрынырақ «Барса» президенті Жоан Лапорттың шабуылшы Мессидің жанынан Роналдуды да көргісі келетіні айтылған болатын.
Мағлұмат ретінде айта кетейік, Криштианудың «Ювентус» клубымен жасасқан шарты 2022 жылы аяқталады. Португал форварды биылғы маусымда 29 гол соғып, А сериясының үздік мергені болып танылған еді.