АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Ғани ауылындағы ғаламат істер

Қазақы ауылда өскен. Ауылда еңбек еткен. Ауылда ұрпағын өрбітіп, тәрбиелеген. Бір сөзбен айтқанда, қазақ үшін ауыл – алтын бесік, қасиетті мекен, құтты орта. Қазақы тәлім-тәрбиенің ордасы. Бір жағынан ауылды ана тіліміздің алтын діңгегі, бастауы десек те қате болмас. Уақыт ағымына қарай бүгінде әр нәрсе өзгеріп, ауыл да өз хал-қадірінше тіршілік етіп жатыр. Кейбір ауылдардың жағдайы тәуір болға­нымен, кейбірінің тұрмысы алаңдатарлық. Сондықтан, қазақылықтың нышаны болған ауылдың тіршілігінің әрі жалғасын табуы үшін, алтын бесік – ауылды көркейтуге өз үлесімізді қосуымыз керек. Бұл ретте ауыл шаруышылық мен жалпы ауыл жағдайына Президентіміз  ерекше мән беріп, жолдауларында арнайы бағдарламалар мен мақалаларындағы талаптардың маңызы айрықша. «Жақсылық жасауды туған жерден, туған ауылыңнан баста» деп халқымыз  бекер айтпаса керек-ті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бүгінде Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев ауылы қарапайым адамдардың еңбегі мен үлкендердің ақ батасының арқасында көгеріп, көктеп келеді.

Қасиетті Сыр топырағының, Қазалы ауданына қарасты Ғани Мұратбаев ауылы бүгінде қанатын кеңге жайып келе жатқан ауылдар санатында. Мұнда өндірістің барлық түрін өркендетуге мүмкіндік бар. Ортақ істердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында ат тізгінін сол ауылға қарай бұрдық. Ауыл әкімі Абай Рыстұғылдың өз жұмысына келгенде, тыңғылықты, әрбір істе жауапкершілігі зор, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшы екенін байқадық. Ә дегеннен-ақ ауылдың азаматтары бірлесе атқарылған жұмыстың жай-жапсарымен таныстыра жөнелді. Ауылды түлету, уақыт талабына сай көшін көрікті ету аса маңызды. Бұл орайда өскен өңірін тұғыр етіп, еселі еңбек етіп жүрген азаматтардың игілікті істері көз қуантады. Ғ.Мұратбаев ауылдық округіндегі 280 отбасында 1 531 адам тұрады. Ауыл тұрғындарына 320 орындық орта мектеп, 90 орындық балабақша, 4 адамға арналған күндізгі емдеу бөлімі бар дәрігерлік амбулатория, 21 088 кітап қоры бар кітапхана, ауылдық мәдениет үйі, «Қуандық әулие» мешіті, 5 сауда дүкені және пошта байланыс бөлімшесі қызмет көрсетеді.

Ауылда тазалық жұмыстары қарқынды жүруде. Арық жүйелері мен көше аумақтарына үнемі тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады. Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында «Әйтеке би – Ғ.Мұратбаев» автомобиль жолының екі жағындағы 5 га жасыл белдеуге 5 000 түп көлеңкелі талдарға, күтім жасалуда. Сонымен қатар ауыл орталығындағы саябақтың ішіндегі талдар қиылып, қайта жаңарту жұмыстары жасалды.

Елді мекенді абаттандыруға бюджеттен 1 570,3 мың теңге қаралып, «Орталық саябақ» және «Атамекен»  алаңдарына гүлдер егу, сонымен қатар бақтардың қоршаулары сырланып, бордюр әктеу, түнгі жарық шамдары ауыстырылып күтімге алу. «Орталық саябақ», «Атамекен» алаңы және «Ғани», «Тәуелсіздік» бақтарына 2000 мыңға жуық көшеттер отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге ауыл орталығынан Марифат Исмалова ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 1,5 млн теңге несие қаражатын алып, «Раян» тез дайындалатын тағам түрлерін ашты.

Ғ.Мұратбаев ауылдық округі бойынша 17 көше бар ұзынды 11,180 км оның 13 көшесіне асфальт жүргізілген (9,996 км), 8 көшеге түнгі жарық шамдары тартылған (7,021 км)

Жұмыспен қамтудың  2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында, Ғ.Мұратбаев ауылының 7 ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 202 818 ,0 мың теңге бөлініп орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді және Жамбыл Жабаев көшесінің 135 м жеріне қиыршық тас төселді.

Ауылдарда жалпы нәтижелі жұмыс пен жаппай кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары жақсы жүргізіліп келеді. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы бойынша  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты «Бастау-Бизнес»,«Бизнес-Кеңесші» бағдарламалары бойынша және «РЗА-Агро» ЖШС барлығы (13 жоба, 14 грант) барлығы  368,4 млн тг қаражат алынды.

Ғ.Мұратбаев ауылдық округінде 39 шаруа қожалығы, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1  «Жас Ғани» өндірістік кооператив және 60 жеке кәсіпкер, барлығы 101 шағын және орта бизнес субьектілері тіркелген.

Ауылдың экономикалық және әлеуметтік тұрғыда жақсаруы үшін тікелей мал шаруашылығымен айналысатын жүрген кәсіпкерлер де жетерлік. Сонымен бірге, «Қазалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы округтің 14 тұрғыны 555 600 теңге қайтарымсыз қаржыға қол жеткізіп, 26 бас ірі қара, 15 уақ мал сатып алды. 2020 жылы «Бастау-Бизнес» және «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 12 адам тіркеліп, 4 адам сертефикаттарына ие болған. Олардың қатарындаНұрбол Ахметжанов, Ерсұлтан Темір, Нұрбек Мырзағалиев, Нұртілеу Байжігіт, Гүлнар Қазиева, Анаркүл Айтқұлова, Гүлназия Тәжікбаева, Жұлдыз Әленова, Айсәуле,Сейіт, Айбөпе Өтегенова, Жансая Кеңес, Ақнұр Лекер бар  Сондапй-ақ «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 3 адам (Нұрбол Ахметжанов, Ерсұлтан Темір, Гүлназия Тәжікбаева) онлайн оқуды аяқтап сертефикаттарын алған екен. Тағы 1 адам «Бизнес-Кеңесші» жобасы Серікбол Сейтбаев аяқтаған.

Бағдарламаның үшінші бағыты негізінде 2020 жылы 10 адам тұрақты жұмысқа орналасса, ақылы қоғамдық жұмысқа 15 адам қабылданды. Сонымен қатар 6 жас маман жастар тәжірибесі бойынша жұмыс жасады. «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында 67 ауыл тұрғыны уақытша жұмыспен қамтылды.

Ауылдың экономикалық және әлеуметтік тұрғыда жақсаруына тікелей  мал шаруашылығы септігін тигізеді. Округ бойынша 1 785 бас мүйізді ірі қара,1 309 бас қой, 1 229 бас ешкі, 1 376 бас жылқы, 180 бас түйе бар. Барлық мал басы бірдейлендіріліп, базаға енгізіліп, сырғаланды.

Ғани  Мұратбаев  ауылы көгеріп-көктеген, Қазалы аудандарының арасында көш бастап келе жатқан ауылдар санатында. Бүгінде ауылда жаңа нысандар бой көтеріп, кәсіпкерлік бастамалар өз нәтижесін беріп келеді. Соның бірі – «Әби» шаруа қожалығы 5-6 жылдан бері ауыл тұрмысы мен халық қажеттіліктері үшін қызмет жасап келе жатыр. Елубай Шағдиев  бастаған бұл шаруашылықты бүгінде атұстарымен бірге жалғастыруда. Небәрі үш қызметкердің ерен еңбегі мен жасап жатқан тірлігі нәтижесіне қожалықтың жағдайы жақсы, жеткен жетістігі мол.

«Адам еңбек етуге, маңдай тері сорғалап жұмыс істеуге тиіс. Кім болса да, оның өмірінің мағынасы мен мақсаты, оның бақыты мен шаттығы сол еңбекпен ғана келетінін баршамыз білеміз. Менің жасап жатқан қызметімнің негізгі қызметтің негізгі бағыты – төрт түлік мал шаруашылығы. Оның ішінде асыл тұқымды қой, жылқы бағуды басшылыққа алып отыр. Қазіргі таңда Қарақұм деген жерде 30 бас аналық ірі қара малы, 30 бас жылқы малы 130 уақ мал өсіріп отырмыз», – дейді қожалық иесі.

«Ауыл шаруашылығын қолдау» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан  3 млн теңге  6 млн теңге көлемінде несие алып бүгінде шаруашылықтың қарқынды дамуына жағдай жасауда. Ауылының гүлденуіне үлес қосып отырған Елубай Әбиұлы қашан да игілікті шаралардың басы-қасында жүреді. Қайырымдылық мақсатта үнемі ауыл мешітіне көмек қолын созып тұратынын ауыл әкімі сөзге тиек етті. Сонымен қатар, осы ауылда Берік Таңжарықовтың  басшылығымен «Мақсұм» шаруа қожалығы 2001  жылдан бері  қызмет  жасап келеді..

«Бұл кәсіппен 2001 жылдан бастап айналыса бастадым. Сөйтіп, ауылдан 500  га жер алып, онда мал шаруашылына ыңғайлап жерді игеріп, кәсіп бастадым. Бүгінде қожалықта 130 ірі қара  мал басы бар», – дейді кәсіп иесі. Мемлекеттің қолдауымен ірі қара малын асылдандыру мен көбейту мақсатында кәсіп бастаған Берік Таңжарықовтың кәсібі жаман емес. Отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отырған ол ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларына көмектесіп келеді.

Атқарылған жұмыстардың жай-жапсарын біліп таныстық, алда атқарылар жобалар да ауқымды. Бұл сөзімізге ауыл әкімінің айтқан уәжі дәлел. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын тиімді пайдаланып, тиісті  бизнес оқуларға қатысып, кредит алуға жұмыстар жасалатын болады. Сондай-ақ  ауылда «Жас Ғани» өндірістік кооперативі ашылды, алдағы уақытта егін және мал шаруашылығын өрістететін боламыз. Аудан әкімінің қаулысына сәйкес, ауылдың батыс беткейінен 20 га жер учаскесі бекітіліп, «Агроаймақ» ашылып, кәсіпкерлік мақсатта мал бордақылау, қаз-үйрек өсіру үшін кәсіпкерлерге заңдылықтарға сәйкес жер берілуде. Қазіргі таңда 5 өтініш түсіп оның екеуі алған жерлерін игеруде, қалған 3 өтініш иесінің құжаттары жер қатынастары бөліміне ұсынылды. Алдағы уақытта шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге жұмыс жасайтын боламыз. Оған байланысты «Бастау Бизнес», «Бизнес кеңесші» бағдарламасы бойынша оқып жеңілдетілген (6 пайыз) несие алу қажет.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Ғани Мұратбаев ауылы бүгінде уақыт тынысына сай тіршілік кешуде. Халықтың тұрмысы жақсы, қасиетті мекендер бүгінде өзге ауылдармен бәсекеге қабілетті. Ол ауылдың жағдайын жасап келе жатқан жеке кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығын көркейтуге өз үлесін қосып жүрген сала мамандарының арқасында көптеген ауқымды жобалар жүзеге аспақ.

Жансая НҰРҚОЖА,

Қазалы ауданы,

Қызылорда облысы

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button