Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Қазалы жастары «сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» екенін мәлімдейді

ҚАЗАЛЫ. 31 шілде. Қызылорда облысының Қазалы ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта ашық диалог алаңы болып өтті. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Қазалы ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды», – делінген хабарламада.

Ашық диалог алаңы «Qazaly Jastar Resurstyq Ortalygy» бастамасымен жүргізілді. Ол сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын-алу мақсатын көздеді.

Іс-шараға жас мамандар қатысып, қоғамда белең алып бара жатқан жемқорлықты жою, оның алдын алу мәселелері турасында жан-жақты әңгіме қозғады.

Қоғамның қазіргі таңдағы басты мәселенің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білуіміз керек.

Руслан ИГІЛІК

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button