Мирзиеёв Ташкент облысының екіге бөлінетінін айтты
ТАШКЕНТ. 19 наурыз. Бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв Ташкент облысын екі бөлікке бөлу жоспары бар екенін жеткізді. Бұл туралы Kun.uz хабарлады.
Өзбек елінің басшысы оны Ташкент облысы халық депутаттары кеңашының кезектен тыс өткен сессиясында айтты. Мемлекет басшысы өзінің сөзі барысында Ташкент облысын екі бөлікке бөлу жоспары бар екенін атап өтті.
«Мен сіздерге бір құпияны айтайын. Мен тіпті оның картасын да өзіммен бірге ала келдім. Біз Ташкент облысын екі бөлікке бөлуді жоспарластырып жатырмыз. Міне, депутаттардың бәрі үндемейді, оларға мұндай сөз ұнамайды. Алайда, конституцияға сәйкес, менде ондай құзырет бар, мен мұны ұсыныс ете аламын,– деді ол.
Шавкат Мирзиёев аймақта бірлік жоқ екенін қадап айтты.
«Ангреннің ақсақалы айтқан сөз Шыназдың ақсақалына ұнай бермейді. Аймақтың орналасу жағдайы да қолайлы емес, Ангреннен Бекабадқа баратын жол көп уақытты алады, бірнеше аудан мен қаланы қатар басқару қиын. Мен әзірге бұл идеяны өзімде ұстай тұрамын. Ал Хидоятов облыс хокимі болуға ұсынылды. Біз оған тағы бір мүмкіндік береміз», – деді президент.
Кездесу кезінде Даврон Хидоятов Ташкент облысының хокимі болып бекітілді.
Ташкент велаяты (облысы) 15 тұманнан (ауданнан) және облыстық маңызы бар қаладан құралады. Бұлардан басқа, 16 қала мен 18 қала типтес қышлақ велеят құрамына кіреді.