ТАШКЕНТ. 29 желтоқсан. Бүгін Өзбекстан Президенті Қазақстанның тұңғыш Президентімен телефон арқылы тілдесті. Бұл туралы Өзбекстан Президенті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
29 желтоқсан күні Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасында телефон арқылы сөйлесу орын алды.
Қоңырау шалу инициативасы қазақстандық қария тарапынан болған.
«Әңгіме басында еліміздің көшбасшысы мен Қазақстанның тұңғыш Президенті келе жатқан Жаңа жылға байланысты жылы лебіздерін білдіріп, екі бауырлас мемлекет халқына бейбітшілік, тұрақтылық және гүлдену тіледі. Олар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достықтың, тату көршіліктің, стратегиялық серіктестіктің және одақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ барлық негізгі салалардағы көпқырлы ынтымақтастықтың үздіксіз дамуын ерекше атап өтті», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 27 желтоқсан күні Кремльдің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге келіп, Ресей президенті Владимир Путиннің қабылдауында болғанын хабарлаған еді.
Осыдан кейін Парламент Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи әлеуметтік желіде экс-президенттің Қазақстаннан шығып тұруына тыйым салу керектігі жайлы жазба жариялады.
Өзбекстан Президенті баспасөз қызметі хабарламасының түпнұсқасы мынадай:
Ўзбекистон Президенти Қозоғистоннинг биринчи Президенти билан телефон орқали мулоқот қилди
Ўзбекистон Республикаси Президенти Шавкат Мирзиёев 29 декабрь куни Қозоғистон Республикаси биринчи Президенти Нурсултон Назарбоев билан телефон орқали мулоқот қилди.
Суҳбат аввалида мамлакатимиз етакчиси ва Қозоғистоннинг биринчи Президенти яқинлашиб келаётган Янги йил байрами муносабати билан бир-бирларини самимий қутлаб, қардош мамлакатларимиз халқларига тинчлик, барқарорлик ва равнақ тилакларини изҳор этдилар.
Ўзбекистон ва Қозоғистон ўртасидаги дўстлик, яхши қўшничилик, стратегик шериклик ва иттифоқчилик муносабатлари юксак даражага чиққани, шунингдек, кўп қиррали ҳамкорлик барча устувор соҳаларда изчил ривожланаётгани алоҳида мамнуният билан қайд этилди.
USD




