Студенттер жемқорлықпен күреске белсене қатысады
АСТАНА. 19 наурыз. Елордада «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты және оның негізгі детерминанттарын тану» атты І республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі қалалық департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.
Конференцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаменті, «Жас Отан» жастар қанаты, қала әкімдігі, «Астана политехник» жоғары колледжі ұйымдастырды. Ол «Астана – адалдық алаңы» жобасы мен «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі аясында қанат қақты
Конференцияның басты мақсаты жастардың бойында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің олардың әрқайсысының және жалпы қоғамның өміріне теріс әсерін түсінуін, сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарас және сыбайлас жемқорлықты жеңуде жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру болды.
Конференцияның пленарлық отырысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентіктің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов, Нұр-Сұлтан қаласы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, «Жас Отан» ЖҚ Елордалық филиалының төрағасы Бақдаулет Жанділдаев қатысты.
Конференцияның пленарлық отырсында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана политехник» жоғары колледжі» ШЖҚ МКК директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сания Досман қала колледждерінің студенттері арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен таныстырды.
Конференция 3 секция бойынша жұмыс жасады. Конференцияға қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Секциялық жұмыстың қорытындысы бойынша М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің, технологиялық колледждің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК, Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжінің, «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің, Д.А.Қонаев атындағы колледжінің, «Бизнес және Менеджемент» колледжінің, Қаржы академиясы АҚ колледжінің, медико-техникалық колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды.