Мирзиеёв пен Тоқаев Орталық Азия бірегейлігін қалыптастыруға ұмтылады
ТАШКЕНТ. 11 тамыз. Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері Астанадағы кездесулері барысында өздерінің Орталық Азия бірегейлігі болғанын қалайтындарын білдірді. Бұл туралы kun.uz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері Орталық Азияны нығайтуға және үйлестіре түсуге, өңірдегі интеграцияны одан әрі тереңдетуге шын жүректен ұмтылуда», – деп мәлімдеді Өзбекстан Президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.
Өзбекстан Президентінің баспасөз хатшысы Kun.uz таблоидына берген сұхбатында Шавкат Мирзиеёвтің Қазақстанға мемлекеттік сапарының мәні мен нәтижелері туралы айтып берді.
«Мойындауымыз керек, біздің қарым-қатынасымыздың тарихында әртүрлі кезеңдер болған. Өрлеулер мен құлдыраулар орын алды, бірақ бүгін біздің қарым-қатынасымыз ең жоғары деңгейге жетті. Біз мұны асырмай-ақ айта аламыз. Бұл, ең алдымен, біздің Президент Шавкат Миромонович Мирзиеёв пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың күшті саяси ерік-жігеріне байланысты. Біздің мемлекеттеріміздің басшылары халықтарымыздың бір-біріне қаншалықты дос және бауырлас екенін терең түсініп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа жаңа рух пен жаңа мағына әкелді», – деді Шерзод Асадов.
«Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері қазір бір-екі жылдың ғана емес, ондаған жылдардың жоспарларын алға тартып отыр. Мысалы, стратегиялық серіктестік пен альянсты дамытудың 2034 жылға дейін бағдарламасы қабылданып жатыр. Сонымен қатар, бүгінде Үкіметке біздің тауар айналымымызды 10 миллиард долларға дейін ұлғайту жөнінде нақты тапсырма берілді. Сапар аясында іскер топтар 7 миллиард долларға уағдаластыққа қол жеткізді», – деді Өзбекстан Президентінің баспасөз хатшысы.
Ол екі ел басшыларының ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылыстарының бүкіл аймаққа қатысы бар екенін атап өтті.
«Біздің Алматы мен Шыршыққа жасаған сапарларымыздың барысында екі ел жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды. Астананың орталығында ұлы ақын және ойшыл Әлішер Науаиге ескерткіш орнатылды. Ташкентте қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевқа ескерткіш қойылғаны белгілі. Енді қазақ байтағында Әлішер Науаи ескерткішінің ашылуы – біздің халықтарымыздың жақындығының бір көрінісі. Бұл – Президенттеріміздің Орталық Азия бірегейлігін қалыптастыра отырып, бүкіл аймаққа қызмет етуді көздейтін ынтымақ пен бірліктерінің мысалы. Президенттердің негізгі мақсаты – Орталық Азияны нығайту және үйлестіру, өңірдегі интеграция мен ынтымақтастықты одан әрі тереңдету», – деді Шерзод Асадов.
Оның айтуынша, тараптар Ташкентте «Астана», ал Астанада «Ташкент» бизнес орталықтарын ашуға уағдаласқан.