Қайын ата күйеу баласын ұрлап әкетіп, өлтіруге тапсырыс берген
МӘСКЕУ. 6 наурыз. Мәскеуде 43 жастағы ер кісіні ұрлап әкетіп, өлтіру оқиғасы орын алды. Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлады.
Қанды оқиғаның ең бір сорақылығы, марқұмды ұрлап әкетіп, өлтіру оның қайын атасының тапсырысы бойынша жасалыпты. Полиция қылмысты ізін суытпай ашып, оның жай-жапсарын тез анықтады.
Кремльді қала тергеу комитеті басқармасының өкілі Юлия Иванованың хабарлауынша, ер кісіні ұрлап кету оқиғасы тал-түсте, жұрттың көз алдында жүзеге асырылған. Аталған адам Маршал Тухачевский көшесі бойындағы өз үйінің алдында тұрған кезде оны төрт жігіт электрошокердің көмегімен естен тандырып, көлікке мінгізіп, белгісіз жаққа алып кеткен. Келесі күні қылмыскерлер жігітті Красногорск қаласы жаққа алып кетіп, сонда өлтірген.
Тергеу тапсырысты марқұмның қайын атасы бергенін тез анықтады.
Қазіргі таңда тапсырыс берген қайын ата мен екі ықтимал қылмыскер ұсталып, тергеу оқшаулағышында жатыр.
Тергеу жалғасуда.