Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Кремль Шойгуден қауіптеніп, Мәскеуде интернетті бұғаттап тастады

МӘСКЕУ. 10 наурыз. Кремль Шойгудің Путинге қарсы бүлік ұйымдастыру қаупінен сақтанып, Мәскеудің орталығындағы интернетіне бұғат салды. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кремль бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгу тобының билікке қарсы дүрбелең тудыру қатерінен қорқып, оның ең жақын серіктестерін қамауға алған.

«Соңғы күндері Мәскеудің орталығында мобильді интернеттің бұғатталуы Кремльдің бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгудың қатеріне жауабы болуы мүмкін», – делінген интернет басылымдардың ақпарында.

Аталмыш қастандық теориясын 9 наурызда Ресейдің барлау қызметімен байланысы бар, ықпалды «ВЧК-ОГПУ» веб-сайты жариялады. Ол ақпардың белгісіз мәнбеден алғанын мәлімдейді.

Қазір Мәскеуде Шойгудың өзі де жақын арада тұтқындалуы мүмкін деген қауесет тарап жатыр.

«Мәскеудің орталығы мен кейбір аудандарында ұялы телефон мен интернет қызметіне қойылған шектеулер Шойгудың өзіне және оған жақын адамдарға қарсы тергеу әрекеттерінің басталуымен сәйкес келді. Оның ең жақын досы, сенімді серігі, қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Цаликовты Лефортовоға отырғызуға тырысу әрекеті жоғарыда басталған билік үшін қызу таласпен қатар жүрді. Мұның соңы Цаликовтың Лефортовоға жіберілмеуімен аяқталды. Нәтижесінде ол айыптаулармен және үйқамақпен шектелді. Ал Цаликовтен кейінгі адам тек Шойгудің өзі болуы мүмкін. Бірақ биліктің жоғары эшалонында да, арнайы қызметте де, қорғаныс министрлігінде де зор ықпалы сақталып қалды. «Таңқаларлық кездейсоқтықпен» Лубянка, Президент әкімшілігі, Қауіпсіздік кеңесі, Мәскеу қаласы, Қорғаныс министрлігі мен ФСБ-ның бірнеше бөлімшелері, сондай-ақ «Альфа» және «Вымпел» қауіпсіздік бөлімшелерінің және ФСБ Конституциялық тәртіп қызметінің жедел қызметкерлерінің орналасқан жерлері және қауіпсіздік қызметі өкілдерінің резиденциялары ұялы телефон, интернет және VPN қызметінің нашар аймағына кірді. Мұндай шектеулер тек өте күрделі себептерден туындауы мүмкін», – деп жазды арна.

Егер ақпарат шындыққа жарасатын болса, Кремль Евгений Пригожин мен оның вагнериттері жүргізген бүліктің қайталануынан қорқып отыр.

«ВЧК-ОГПУ» басқа мәнбелердің бірде-бірі Мәскеудің орталығында интернет пен байланыстың неге жаппай бұғатталып жатқанын түсіндіріп бере алмағанын атап өтті.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button