Сегіз жасар баланы қолтырауын жұтып қойды
ДЖАКАРТА. 7 наурыз. Әкесімен бірге балық аулауға барған 8 жасар баланы қолтырауын (крокодил) жұтып қойды. Бұл туралы The Sun газеті хабарлады.
«Индонезиядағы Темпакул өзенінде қайғылы оқиға орын алды. Әкесімен бірге балық аулауға барған 8 жасар баланы қолтырауын жұтып қойды», – деп жазды басылым.
Ұзындығы алты метр келетін жыртқыш ер кісінің өзен жағасынан сәл ары кеткенін пайдаланып, оның кішкентай баласына тап берген. Мұны көрген жігіт кері қарай жүгіріп, қолтырауынмен алыспақшы болады. Ол жыртқышты қуып жетіп, ұрады, бірақ кроркодил баланы жұтып жіберіп, әрі қарай тереңге жүзіп кетеді.
Бұдан кейін ер кісі күні бойы сол қолтырауынды аңдиды. Келесі күні ауға түсіріп, жағаға тартып шығарады. Сойып көргенде, жыртқыштың асқазанынан баланың мәйіті шығады. Ол денесінде бір де жарақат жоқ, сол қалпы жатыр екен. Алайда, әлдеқашан демі біткен. Шамасы, іште ауа жетпей не қатты қорыққаннан өліп кетсе керек.
Осыған ұқсас жағдай 2019 жылы Филиппинде де болған еді. Жасөспірім жігіт інісімен бірге өзенде шомылып жүргенде, оларға үлкен жыртқыш бас салған. Қолтырауын ер баланың сол қолынан тістеп, өзеннің түбіне қарай тарта жөнеледі. Оқиғаның куәгері болған інісі көмек шақыру үшін үйіне қарай жүгіреді.
Оқиға орнына балалардың әкесі жетеді. Отағасы ұлын жыртқыштың азуынан босату үшін әуелі қолтырауынды жұдырықпен тоқпақтайды, бірақ еш нәтиже шықпаған. Сол кезде ер адам қолтырауынның қолындағы жұмсақ жерлерін тістелей бастапты, көп ұзамай жыртқыш баланы қоя беріп, жүзіп кетеді.