Мәскеу жыл басынан бергі ең ірі дрондар шабуылына ұшырады

МӘСКЕУ. 15 наурыз. Ресей байтағы – Мәскеу қаласы биылғы жыл басынан бері болмаған қуатты дрон шабуылдарының астында қалды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина Қарулы күштері 14-15 наурыз күндері Мәскеуге жаппай шабуыл жасады.
«Сенбі күні сағат 12:30-дан жексенбіге дейін шамамен сағат 11:30-ға дейін Ресей астанасына жақындаған кезде 95 дрон атып түсірілді», деп баянат жасады мэр Сергей Собянин.
Оның айтуынша, түн ортасынан кейін әуе қорғаныс күштері отыз дронды тоқтатқан. Росавиация Домодедово, Внуково, Шереметьево және Жуковский әуежайларында кіретін және шығатын рейстерге шектеулер қойған. Олар сағат 11:30-дан кейін қалыпты жұмысын жалғастырды. Сол кезде 37 рейс кешіктірілген екен. Соның ішінде Внуковода – 17, Домодедовода – 13 және Шереметьевода 7 ұшақ өз мерзімінде ұша алмай қалған.
Мәскеуге бағытталған бұл жолғы дрондар шабуылы жыл басынан бергі осындай жойқын жорықтың ең күштісі болды. Бір жыл бұрын, 11 наурыз түнінде осындай оқиға орын алған: сол күні ел ордасына жақындаған 91 дрон атып түсірілген, Мәскеу облысында үш адам қаза тапқан. Собянин де, Қорғаныс министрлігі де бұл соңғы шабуылдың салдары жайын баяндаған жоқ.
Mash and Shot басылымының мәліметінше, Мәскеудің Троицкий ауданында, Орталық айналма жолдың маңында және Мәскеу облысының Истра, Королев, Дубна, Раменское және Волоколамск қалаларында ұшып жүрген дрондар көрінген. РФ астанасына бұған дейін 8 наурызда шабуыл жасалған, сол кезде Собянин 6 ұшқыгсыз ұшақтың атып түсірілгенін айтқан болатын.
Бүгін таңертең Ресей Қорғаныс министрлігі сенбі күні кешкі сағат 9:00-ден бастап 170 украин дронының жойылғанын тәкпір етіт. Мәскеуден басқа, аннексияланған Қырым түбегі сияқты тағы 13 аймаққа шабуыл жасалған. Краснодар өлкесінің Тихорецк қаласында мұнай қоймасында дрон қалдықтары құлағаннан кейін өрт шықты. Белгород энергетикалық нысандарға зымыран соққысынан кейін жартылай электр қуатынсыз, сусыз және жылусыз қалды.
Волгоградта дрон тұрғын үйге соғылып, кейбір пәтерлердің терезелері сынды; ешкім зардап шеккен жоқ. Мордовияда дрон Саранскіде салынып жатқан тұрғын үй кешеніне құлады.






