Өзбекстанда екі жылда екі мың жемқор жауапқа тартылды
ТАШКЕНТ. 12 желтоқсан. Өзбекстанда соңғы екі жылдың мұғдарында әртүрлі деңгейлі екі мыңға жуық шенеунік жемқорлық дерегімен сотталды. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.
Конституция күні қарсаңында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев отандастарына үндеу арнады. Онда мемлекет басшысы елдің дамуының ең басты кедергісі болып отырған жемқорлықтың алдын алу мен оны ауыздықтау жолындағы күресте іс жүзінде кәдеге жарайтын тетіктерді ойлап тауып, әрекетке қосу керектігін атап көрсетеді. Ол соңғы екі жылдың көлемінде республикада жемқорлыққа байланысты қылмыстың ізімен 1986 лауазымды тұлғаның жауапкершілікке тартылғанын, олардың дәулетке 2 триллион (190 млн доллар) шамасында залал келтіргендерін алға тартады.
Оның айтуынша, қазір жемқорлыққа қарсы күрестің 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы жасалып жатқан көрінеді.