Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Белгілі актер Валентин Гафт қайтыс болды

МӘСКЕУ. 12 желтоқсан. Мәскеуде белгілі кеңестік-ресейлік актер, режиссер және ақын Валентин Гафт 86-ға қараған шағында бақилық болды. Бұл туралы «Лента.ру» хабарлады.

Әртістің жұбайы Ольга Остроумованың айтуынша, өлім инсульттің салдарынан болған.

Өнер шебері бұдан бірнеше жыл бұрын алған инсультінен ақыры айыға алмаған.

Валентин Иосифович Гафт 1935 жылы 2 қыркүйекте Мәскеуде еврей отбасында дүниеге келген. Оның әкесі де, шешесі де – еврей. 1957 жылы МХАТ-тың мектеп-студиясын бітіріп, Моссовет атындағы театрға қызметке тұрған. Бұдан кейінгі жылдары «Ленкомда», Мәскеу драма театрында және Сатира театрында қызмет етеді. 1969 жылдан «Современникте» болады. Ол 1984 жылы РСФСР халық әртісі атағын алды.

Валентин Гафт өмірінде үш рет үйленген. Бірінші манекенші әйелінен бала жоқ, екінші балерина әйелінен Ольга (1973 жылғы) деген қызы болған, бұдан бірнеше жыл бұрын өзіне өзі қол жұмсаған. Соңғы әйелі Ольга Остроумоваға 1996 жылы қосылған. Араларында бала болмады. Бірақ Гафт орыс Остроумованың ықпалымен кейін православие дінін қабылдаған. Некеден тыс туған Вадим Никитин (1971 жылғы) деген ұлы бар.

Валентин Гафт 100-ден аса фильмде ойнаған. Оның фильмографиясында «Убийство на улице Данте», «Семнадцать мгновений весны», «Здравствуйте, я ваша тётя!», «Гараж», «О бедном гусаре замолвите слово», «Таможня», «Чародеи», «Гонки по вертикали», «Путешествие мсье Перришона», «Забытая мелодия для флейты», «Визит к Минотавру», «Воры в законе», «Футболист», «Мастер и Маргарита», «Сирота казанская», «Старые клячи», «Карнавальная ночь 2, или 50 лет спустя», «Утомлённые солнцем 2: Предстояние», «Жизнь и приключения Мишки Япончика», Ёлки 3» секілді картиналар бар.

Валентин Гафт ақын ретінде де көптеген өлеңдер шығарған. Ал әріптестеріне арнаған өткір де дәл эпиграммалары өте танымал болған.

Марқұмның жаназасы 15 желтоқсанда болады. Оның денесі Троекур зиратындағы актерлер аллеясына қойылады.
 
Төменде ақынның белгілі өлеңдерінің бірін ұсынып отырмыз.
 
Хулиганы
В. Высоцкому

Мамаша, успокойтесь, он не хулиган,
Он не пристанет к вам на полустанке,
В войну Малахов помните курган?
С гранатами такие шли под танки.
 
Такие строили дороги и мосты,
Каналы рыли, шахты и траншеи.
Всегда в грязи, но души их чисты,
Навеки жилы напряглись на шее.
 
Что за манера – сразу за наган,
Что за привычка – сразу на колени.
Ушел из жизни Маяковский – хулиган,
Ушел из жизни хулиган Есенин.
 
Чтоб мы не унижались за гроши,
Чтоб мы не жили, мать, по-идиотски,
Ушел из жизни хулиган Шукшин,
Ушел из жизни хулиган Высоцкий.
 
Мы живы, а они ушли туда,
Взяв на себя все боли наши, раны…
Горит на небе новая Звезда,
Её зажгли, конечно, хулиганы.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button