Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

АҚШ Өкілдер палатасында сайлаудың таза өтуі талап етілді

ВАШИНГТОН. 20 қараша. Өкілдер палатасы ықпалды сот комитетінің, Бақылау және реформалау комитетінің республикашылары аталмыш комитеттер төрағалары Джерролбд Надлер мен Кэролин Малониден АҚШ президентінсайлау кезіндегі заңға қайшы келетін әрекеттер мен кемшіліктерге тексеру жүргізуді бастауды талап етті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Fox News телеарасының хабарлауынша, комитеттер басшыларына арналған хаттарды Өкілдер палатасындағы жоғары лауазымды қызметтегі Джим Джордан мен Джеймс Комер жолдаған.

«Біз сіздерді 2020 жылғы сайлаудағы тәртіп бұзушылықтар мен қитұрқылықтар туралы дабыл қағарлық хабарламалардың ыңғайында сайлаудың тазалығын тексеру үшін шұғыл түрде тыңдау ұйымдастыруды бастап кетуге шақырамыз», – делінген онда.

Джордан мен Комер әріптес демократтарды тыңдауды «мүмкіндігінше тезірек» белгілеуде ынтымақтастық танытуға шақырған.

Хаттан «америкалықтардың сайлаудың таза өткеніне сенулеріне кепілдеме беру үшін» конгрестің міндетті түрде тексеру жүргізуі керек екені білінеді.

АҚШ-та президент сайлау 3 қараша күні өтті. Американың жетекші БАҚ-тарының қолдарындағы мәліметтерге сүйенген Демократиялық партияның кандидаты Джозеф Байден артынша өзінің жеңісін тойлап кетті. Әлемнің көптеген лидерлері оны құттықтап та қойды. Бірақ президент Дональд Трамп бұған келіспей, сайлаудың әлі аяқталмағанын, мәселені енді сот шешетінін жариялады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button