Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 катерін суға батырды

ТЕГЕРАН. 11 наурыз. АҚШ әскерлері Ормуз бұғазы маңында Иранның мина төсегіш 16 катерін суға батырып жіберді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ әскери күштері Ормуз бұғазының миналануы ықтимал екені жөнінде хабар тарағаннан кейін Иранның мина төсегіш катерлерін жоюға кірісті.

АҚШ Иранның аймақтан мұнай кемелері өтетін Ормуз бұғазын миналау ниеті бары туралы хабарламаларға сәйкес, Иран кемелеріне, соның ішінде 16 мина төсегішке шабуыл жасады. АҚШ Қорғаныс министрлігінің орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мұның жайын 10 наурызда өзінің ресми әлеуметтік желідегі аккаунтында жариялады.

Ормуз бұғазы маңында Иран мина төсегіштердің жойылғанын АҚШ президенті Дональд Трамп та өзінің Truth Social әлеуметтік желідегі аккаунтында растады. CENTCOM өз кезегінде мина төсегіштерге жасалған соққылардың бейнежазбасын ұсынды.

Таяу Шығыстан мұнай тасымалдаудың ең маңызды артерияларының бірі болып табылатын Ормуз бұғазы Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы соғысы басталғаннан бері азаматтық кемелер тарапынан іс жүзінде пайдаланылмай келеді. 28 ақпаннан бері бұғазда тек бір ғана танкердің Иран шабуылдарынан аман қалғаны айтылды.

10 наурыз таңертең Ислам революциялық гвардия корпусы АҚШ пен Израиль елге шабуылдарын тоқтатқанша, Иран аймақтан бір литр мұнай экспорттауға рұқсат бермейтінін мәлімдеді. Ол АҚШ және Израиль дипломаттарын өз аумақтарынан шығаратын елдер үшін ерекшеліктер жасау керектігін алға тартты.

Осыдан кейін CBS News басылымы АҚШ барлау деректеріне сілтеме жасай отырып, Иранның Ормуз бұғазын миналау дайындығын бастағанын жазды. Кейіннен Трамп Тегеранды су миналанған жағдайда «бұрын-соңды болмаған жаза қолданатынымен» қорқытты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button