Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Израиль ғалымдары қартаюды тежейтін тәсіл ойлап тапты

ТЕЛЬ-АВИВ. 19 қараша. Израиль ғалымдары қартаюмен күрестің сәтті тәсілін тапқандарын мәлімдеді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Зерттеу нәтижелері Aging журналында жарияланған.

Еврей оқымыстылары өздеріне бірінші рет адамдардың қартаю процесін кері қарай айналдырудың орайы келгенін баяндады. Мұны олар гипербарикалық оксигенацияның көмегімен немесе гипербарикалық барокамера жағдайында жасап көрген.

Адам қартаю мөлшері ұлғайған сайын оның денесіндегі ең шеткі уаскелердің хромосомдары – теломерлердің қысқара түсетіні белгілі. Олар хромосомдарды бүлінуден қорғап, жасушалар бөлінісі процесіндегі геномдардың сақталуына жауап береді. Адам ұлғайған сайын онда ауру да көбейіп, теломерлері қысқара береді. Теломерлердің қысқаруынан жасуша өзінің бөліну қабілетін жоғалтып, ескіре түседі. Мұны ғылымда сенесцентті деп атайды. Мұндай жасушалар өзінің фукцияларын орындамайды, бірақ өліп те кетпей, ағзаға жинала береді. Осы арқылы регенерацияға кедергі келтіріп, соңынан ағза тұтастай қартаяды. Сондықтан бұл саладағы көптеген зерттеушілер теломерлерді қалпына келтіру мен сенецентті жасушаларды құрту тәсілдері табуды алдарына міндет етіп қойды.

Тель-Авив университетінің ғалымдары қарт адамдардың гипербарикалық камерада таза оттегі алған кездерінде олардың теломерлерінің 20 пайызға дейін ұлғайып кететінін анықтаған. Зерттеуге жастары 64-тен асқан 35 денсаулықтары жақсы адамдар қатысқан. Пациенттердің әрбірі гипербарикалық барокамераға үш ай бойы аптаның бес күнінде 90 минуттан жатқызылып, онда таза оттегімен демалдырылған. Ғалымдардың бағалаулары бойынша қазір зерттеуге қатысқан кісілердің теломерлері бұдан 25 жыл бұрынғы ұзындық қалпына жеткізілген. Бұдан басқа, мұндай терапияның ағзадағы сенецентті жасушалардың қатарын 37 пайызға қадар төмендетіп, жаңа сау жасушалардың регеннерациясы процесін жеңіілдетуге мүмкіндік беретіні анықталған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button