Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Түрікменстанда Гиннес кітабына кіретін қияр өсірілді

АШХАБАД. 18 қараша. Түрікменстанның Лебап велаятындағы Саят қаласының тұрғыны Гиннестің рекордтар кітабына кіре алатындай қияр өсірді. Бұл туралы «Хроника Туркменистана» хабарлады.

Саят қаласының тұрғыны Хемре Бабаевтың өз бақшасында өсірген бәдіренінің ұзындығы – 96 сантиметр, енінің ең жуан жері 85 сантиметр келсе, салмағы 27 килограмм 134 грамм тартыпты.

Диқан Хемре Бабаевтың жасы қазір 69-да, ол балалар бақшасында жөндеу жұмыстарының ұстасы болып істейді.

Егер ол өзі өсірген қиярды тіркете алса, бұған дейін үздік танылып тұрған Ұлыбритания тұрғыны Альфа Коббаның рекордын жаңартар еді. 2003 жылы оның тіркеткен бәдіренінің ұзындығы 92 сантиметр, ал салмағы 12,5 килограмм болыпты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button